Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да тамақтан уланған оқушы бір айдан бері ес-түссіз жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысында консервіден уланған 11-сынып оқушысы бір айдан бері есін жинай алмай жатыр.

1-9

Фото: etofakty.ru

Бұл туралы “Отырар” хабарлайды.

Соңғы бір айдың өзінде облыс бойынша 12 адам тамақтан улану диагнозымен ауруханаға түскен. Олардың төртеуі әлі ауруханадан шығарылмады.

Басылым мәліметінше, олардың барлығы тұздалған үй тағамдарын жеген.

Ботулизм деп аталатын бұл жұқпалы ауру, адамның жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді. Ауру адамның аузы кеуіп, әлсіздік пайда болып, көру жүйесі нашарлайды.

Оқи отырыңыз:

Қайырымды жастар 12 млн жинап берген Жәнелдің отасы сәтті өтті

Шамадан тыс көп су ішіп қойған әйел ауруханадан бір-ақ шыққан

Бақыт Сыздықова 60 келіге қалай арықтағанын айтып берді

Кей адам туған кезде құлағының үстінде тесік болады – мұның себебі мынада

Талқылау