Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақыт Сыздықова 60 келіге қалай арықтағанын айтып берді

ҚР Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының депутаты Бақыт Сыздықова қалай 60 килограмға дейін арықтағанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

сыздыкова_35

Бақыт Сыздықова небәрі екі жылдың ішінде 60 килограм артық салмақтан арылған. Депутат артық салмақтан арылтатын орталықтардың біріне жүгінгенін айтып, оған арықтауға психологиялық тренингтердің сеп болғанын алға тартты. Орталықтан кейін Сыздықова дұрыс тамақтану режіміне көшіп, йогамен айналысқан. Сондай-ақ, күнделікті жүгіріп, спортты жанына серік еткен. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

«Меніңше, екі суреттің айырмашылығын кез келген адам көре алады. Алғашқы суретте салмағым – 130 кг, жеткен жетістігім – 75 кг. Сол уақыттан бері дұрыс тамақтану мен күніне бір жарым сағат серуендеу күнделікті өмірімнің бір бөлшегіне айналды. Алайда қазір бұл маған арықтауға көмектеспейді. Басқа амал қарастыруым керек. Сол себепті бүгін тренингке барамын. Нәтижесімен де бөлісіп отырамын», – деп түйіндеді сөзін Сыздықова.

Желі қолданушылары депутаттың еңбекқорлығына, табандылығына тәнті болып, сәттілік тіледі.

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы: Менің суретіммен арықтау туралы жарнамалайтындардың бәрі алаяқтар

Есентаеваның «Қазақ аруы» фильмінде басты рөлді 16 жастағы студент сомдайтын болды (видео)

Жанна Әбуова елдің сүйікті әншісінің тоқалы болып оған ұл туып бергенін мойындады

КешYOU-лік Ақбота өмірлік жар ретінде кімді таңдап алды? (фото)

Талқылау