ОҚО-да ер адам көңілдес болудан бас тартқан отбасылы келіншекті өлтіріп, денесін өртеп кеткен

Сейсенбі, 28 Қараша , 2017 18:48

Өрттен қаза тапты деген келіншектің пышақталғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарыағаш ауданында полицейлерге 30 жастағы әйелдің электр тогы соғу салдарынан қайтыс болғаны айтылған.

Үйдің өртеніп жатқанын 7 жасар баласы көріп, көршілерін көмекке шақырған. Жақындары әйелді өртте қаза болды деп ойлаған. Олар марқұмның денесін ақ матаға орап қойғандықтан полицейлердің тексеруін қаламайды. Алайда оларға оқиғаның мән-жайы түсіндіріліп, мәйітті тексеру керек екені айтылды. Тексеру барысында марқұмның екі жерден пышақталғаны анықталды.

Әйелді өлтірді деген күдікке алғашында күйеуі ілігіп, ұсталған болатын. Алайда тергеушілердің тыңғылықты  жұмыстарының нәтижесінде нағыз қылмыскер артынша қолға түсті. Ол 1990 жылы туған Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында оның марқұм әйелге сезімі болғаны, алайда ол күйеуінің бар екенін айтып, көңілдес болудан бас тартқаны анықталды. Осыған ашуланған сезікті оны өлтіріп, өртеп жіберген. Қазіргі таңда оның үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалып, қылмыс толығымен дәлелін тапты.

Іс сотқа жолданып, күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Тағы да оқыңыз:

Ата-анасы рұқсатсыз некелескен қыз бен жігітті бауыздап өлтірді

ШҚО-да 8-сынып оқушысы 4 жасар баланы зорлады

Полицейлердің туыстарын қорқытпақ болды: Алматыда халықты жиһадқа шақырғандар ұсталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар