Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да балабақша қызметкерлері күн көрсетпейтін басшыларының қызметтен кетуін талап етті

Былыққа батқан балабақша! Оңтүстік Қазақстандағы Түлкібас станциясында балабақша жұмысшылары өздеріне басшысының күн көрсетпей отырғанын айтты. Олардың сөзінше, мекеме меңгерушісі қит етсе ақша жинап, қарсы келгендерді дөрекі сөзбен сыбап алады екен. Балабақша жұмысына ата-аналар да риза емес. Мұнда бүлдіршіндердің ас-суынан ақша үнемделіп, балаларымыз үйге аш келеді дейді олар, деп хабарлайды КТК арнасы.

balabaksha 09

«Алтын дән» балабақшасының ұжымынан соңғы 3 жылдан бері маза қашқан. Мекеме басшысы қоластындағы жұмысшыларынан қит етсе ақша жинап, бермегендерін жұмыстан қуамын деп қорқытатын көрінеді. Есепшімен бірге білгенін істеп отыр деген қызметкерлер тіпті бірнеше айлап зейнетақы қорына ақша аударылмайтынын да айтты.

«Комиссия , СЭС келсе  ақша жинайды. 3 мың 300-ден жидық. Мың теңгеден жиямыз.  Айғайлайды да дөрекі сөйлейді», – дейді балабақша тәрбиешісінің көмекшісі Мәлика Есенбаева.

Мекеме басшысы тіпті медицина кабинетін ашу үшін де лицензияға деп ұжымнан ақша жинапты. Бірақ балабақшада сырқаттанған балаға бірде-бір дәрі таба алмайсыз. Аспаздар мен санитарлар асханадағы тамақтың жәйін де көрсетті. Ас мәзірінде бекітілген тағам бір бөлек, бүлдіршіндерге берілетін ас мүлдем басқа. Ата-аналар да ұл-қызымыз үнемі аш келеді деп отыр.

«Үшінші жылға кетіп бара жатыр қызым. Аш келеді . Келгеннен тамақ сұрайды», – дейді Түлкібас ауылының тұрғыны Жібек Ораева.

Ал балабақша басшысы бұл айыптаулардың бәрін теріске шығарды.  Айтуынша, жоқ жерден дау шығарып отырған еден жуушы, аула сыпырушы секілді бірнеше жұмысшы екен. Ешқандай ақша да жинамадым, дөрекілік те танытпадым деген Күлшат Беспаева тіпті біресе жылап, біресе дәрі ішіп естен тана жаздады.

«Міндеттеріне  дұрыс атқармайды ғой кейде. Содан кейін жақпаймыз. Басшы адам кімге жағады?» – дейді «Алтын дән» балабақшасының меңгерушісі Күлшат Беспаева.

Ал аудандық білім бөліміндегілер балабақшада болып жатқан жанжалдан хабарсыз едік деп ақталды. Енді қысқа уақыт ішінде арнайы комиссия құрып, мәселені май шаммен қараймыз деген олар мектепке дейінгі мекеменің әр қызметкерімен жеке әңгіме қылмақ. Басшылар шу шыққан балабақшаға шүйліккенімен, мұндағы жұмысшылар жергілікті шенеуніктердің әділ шешім шығаратынына сенбей отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Жаңаөзенде мектеп ұстаздары мен ата-аналар хиджаб үшін дауласып жатыр

8-қабаттан құлап мерт болған Тілеугүлдің жақындары тергеудің сылбыр жүріп жатқанына алаңдаулы

Алматыда семіздікке шалдыққандардың асқазанын операциямен кішірейтіп жатыр

Астанада әйелін тірідей өртеп жіберген атышулы Қанат Сәдуовтың балалары әкесінен алимент төлеуді талап етті

Талқылау