ОҚО-да әйелге пышақпен шабуылдаған Өзбекстан азаматы ұсталды

Сәрсенбі, 13 Шілде , 2016 14:15

Оңтүстік Қазақстан облысында полиция әйелге қарулы шабуыл жасамақ болды деген күдікпен Өзбекстан азаматын ұстады. Бұл туралы ОҚО ІІД хабарлады.

8362596

Департаменттің мәліметінше, 2016 жылы 5 шілдеде Қазығұрт аудандық полиция бөлімшесіне аудандық ауруханаға пышақ жарақатымен әйелдің түскені туралы ақпарат келіп жетеді. Ол әйел 1976 жылы туған Қазығұрт ауылының тұрғыны екен.

“Оқиға орынына барған тәртіп сақшылары зардап шегушінің сөзі бойынша, 40 жастағы әйелге үйінде жұмыс жасап жатқан жұмысшылардың шабуыл жасағанын анықтады. Олар әйелге пышақ жарақатын салып, үйден 2,5 миллион теңгені ұрлап кеткен”, – делінген хабарламада.

Аталған дерек тіркеуге алынып, ҚР ҚК 162 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Қазғұрт ауданы полицейлері 1994 жылы туған күдіктілердің бірін ұстады. Тұтқындалған ер адам уақытша тергеу изоляторында”, – делінеді баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда аталған қылмыстың жай-жапсары анықталуда. Тәртіп сақшылары 1986 жылы туған Өзбекстан азаматын ұстау үшін арнайы шаралар атқаруда.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Ондай келимсектерди ату жазасына кесу керек. Казакстанга келип тойган семирип ойларына келгенин истеп жур. Онбагандар.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар