ОҚО-да 6-сынып оқушысы суға батып бара жатқан 1 жасар сәбиді құтқарып қалды

Өкiнiшке қарай, соңғы кездерi жас балалардың суға ағып кету оқиғалары жиi кездесуде. Жақында Сарыағаш ауданындағы Бағыс ауылында осындай келеңсiздiк орын алды.

Безымянный

Бұл туралы “Оңтүстік Қазақстан” газеті хабарлайды.

Ауыл тұрғындары түстенуге үйлерiне кеткен кезде iргеде ағып жатқан арыққа назар салатын пенде қалмады. Осы ауылдың 6-сынып оқушысы Демежан Алтаев арық арнасы бойын жағалап келе жатып суға бiр батып, бiр шыққан баланы байқап қалады. Лезде суға күмп бередi де, ағып бара жатқан сәбидi жағаға алып шығады.

Қас пен көздiң арасында баласынан көз жазып қалған әке жүрегi бiрдеңенi сезгендей арыққа қарай тұра ұмтылады. Үйiнен жүз метр жерге ағып кеткен Ерханды судан шығарып алған кезде тыныс алуы тоқтап, қимылсыз қалған едi. Жасанды тыныс алдыру шарасын жасаған соң сәбидiң жүрегi қайта соға бастады.

1,5 жасар Ерхан Нұрдiлланың көрер жарығы бар екен. Батыл оқушы Демежан өзiнiң ерлiкке пара-пар батыл әрекетiмен бiр шаңырақтың көз қуанышын ажал тырнағынан аман алып қалды. Бүгiнде Бағыс ауылының бар тұрғыны қаршадай Демежанның ерлiгiне дән риза.

Ендiгi жерде ауыл тұрғындары бүгiнгi бейбiт күннiң батыры Д.Алтаевтың ерлiгiн аудан басшыларына айтып, марапатқа ұсынбақ.

Оқи отырыңыз:

Англияда оқып жүрген қазақ жастары жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты

Бұдан былай бала туған кезде автоматты түрде балабақша кезегіне қойылады

ОҚО-да 83 жастағы таксист қария жолаушылардың өз қалауымен берген ақшасын ғана алады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар