ОҚО-да 83 жастағы таксист қария жолаушылардың өз қалауымен берген ақшасын ғана алады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында ерекше қария тұрады. Ол кісіні танымайтын адам кемде-кем. Әсіресе «Жеті­сай – Атакент», «Жетісай – Асықата» бағыттарындағы жолаушылардың бәрі жақсы біледі.

Безымянный

Бұл туралы “Замана” басылымы жазады.

Ақсақал жасы сексеннен аса да өзін сергек сезініп, бірнеше жылдардан бері көлік тізгіндеп келе жатыр. Жолаушылардың айтуынша, Шүркіт Мұстафаев 60 жылдан бері қоғаммен етене араласып, жолаушылардың сапарын сәтті қылуға атсалысып жүр.

«Бүгінде еліміз дербес мемлекетке айналғанына, соған жеткенімізге шүкіршілік жасаймыз. Сексеннің үшеуіне келсем де үйде отыра алмаймын. Құдайға шүкір, бала-шағаның бәрі де үйлі-жайлы, өздерімен-өздері өсіп жатыр, бүгінде бір-бір ата-ана болған. Тек кемпірімнің ертерек дүниеден өткені болмаса, төрт қабырғам түгел. Немере-шөберелер кездескенде «ата, ата» деп мына маған, жаман аталарына таласып, жармасып жатады. Зейнетақым жеткілікті. Кейде қол босағанда көлігіммен ел ішін аралаймын. Жолаушы кездессе, айтқан жеріне жеткізіп саламын. Күннің жаңбыр-қарына, аптап ыстығына қарамаймын. Мен саудаласпаймын, бергеніне шүкіршілік етемін, қанағат тұтамын. Көп адамдармен сұхбаттасып, көңілімді көтеріп, бойымды жазамын. Әрбір адам бұл дүниеде бір ғанибет жаратылыс жан емес пе? Әрбір кездескен жолаушымен сұхбаттасып, өзіме жан азық, күш-қуат аламын. Елдегі жаңалықтардан хабардар боламын. Бір сергіп қаламын. Үйде төрт қабырғаммен сөйлесіп жатқаннан не табамын? Менің қартайғандағы ермегім, жұбанышым – мына «темір тұлпарым», – дейді ол.

Әңгімешіл, мінезі ашық кісі сұрапыл соғыс кезінде жетім қалып тағдыр тауқыметін тартыпты. Сол бір кезеңдер оны өмірдің ыстық-суығына бейімдеп, қайтпас қайсар мінезді адам қылып тәрбиелеген. Қазіргі таңда көлігін өзі жөндеп, бабына келтіріп қояды. Алла қуат берсе, ел үшін әлі де қызмет етуге дайынмын дейді ақсақал.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда қалыңдық көйлегін киген 37 ару шеруге шықты

Қызылорда тұрғыны өзін “Қайсар” футбол клубының капитаны соққыға жықты деп жәбірленді

Қазақстандық жезөкшелер ЭКСПО кезінде қызмет көрсетіп ақша таппақ

Астанада 2500 адам тіркелген пәтер табылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар