ОҚО-да “әкімнің әкесінің” көшесі көпшіліктің күлкісіне айналды

Сейсенбі, 14 Маусым , 2016 17:24

«Атың шықпаса жер өрте» дегендей, қалайда әкесінің немесе атасының атына көше алып беру үшін жанталасатындардың жарысқа түсіп кеткені сонша, бүгінде ұлы адамдардың атына берілген көшелерге де ауыз сала бастады.

8b07d68e197daf2ec649a33eed7b1e00_L

Бұл туралы korrespondent.kz хабарлайды.

Сарыағашта Жанкешу деген ауыл бар. Бұл ауылдың бар екенін біз білмейтін бе едік, егер ондағы бір көшенің аты ауылдың бұрынғы әкімінің әкесінің атына ауысып кететін болды деп тұрғындар тарапынан дабыл қағылмағанда. Ауысқанда да анау-мынау емес, қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқов атындағы көшеге көз салыпты.

Бұл туралы жергілікті газетке хабарландыру да берілген. Рас, ұлы сазгерді ығыстырып жатқан тұлғаның да оңай емес екені белгілі. Ұлы Отан соғысының ардагері екен. Қолына қару алып, қан майданда ерліктің үлгісін көрсеткен ардагер, шын мәнінде, құрметке лайық. Дегенмен әкімнің әкесіне ауыл орталығынан бір көшенің аты керек болды деп көзі кетсе де көңілдерден өшпейтін, күллі қазақ даласын әліге дейін өзінің әуезді әндерімен тербетіп тұрған талантты «құрбандыққа шалу» қаншалықты әділетті? Міне, осыны айтып шырылдаған тұрғындардың дабылынан кейін Шәмші Қалдаяқовтай қазақтың маңдайына біткен талант қолда барда, қоныштан басатындардың «құрбандығынан» аман қалды, есесіне ардагер де атаусыз қалмады, яғни оған ауылдың басқа бір көшесінің аты бұйырды.

Жалпы, бұған дейін жазғанымыздай, танымал тұлғалардың әкесінің атымен аталатын көшелер бізде аз кездеспейді. Мысалы, Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылындағы ең үлкен көшелердің бірі осы ауылдан шыққан кәсіпкер, кезінде Парламентте депутат болған Ермек Абасовтың әкесінің атымен аталады. Әбжаппар Жылқышиев атындағы көшені де көзіңіз шалған шығар.

Әрине, жазушы Жылқышиевты танитындар аз емес, десек те осы аттас фамилия айтыла бастаса ең алдымен есімізге бірнеше жыл облысты басқарған, кейіннен Сенатқа депутат болып кеткен Болат Жылқышиев түседі. Шаянға барып орталық көшенің аты берілген Естай Шөкеевті сұрасаң міндетті түрде баласы Өмірзақты атайды. Таяуда бір көшенің бойынан Сейтжан Құртаевтың атын көріп қалдық. Аты-жөніне қосарлап «Ұлағатты ұстаз» деп қойғаны болмаса ол кісінің бүгінгі Сейтжановтарға бөтен емес екені белгілі. Сондай-ақ, Шардарадағы Тұрысбеков атындағы ауыл да құлаққа таныс естіледі емес пе?! Осыдан біраз жыл бұрын Зауытбекті Қауысбектің баласы деп танитындар енді баласының арқасында әкесін танып жүр.

Шардараның бірінші басшысы ретінде Тұрысбеков тарихта қалатыны белгілі. Еткен еңбек, төккен терінің өтеуі ретінде бүгінде бір ауылдың атын беру де артық емес, дегенмен елдің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосқандар тек Тұрысбековпен түгесілмейді ғой. Егер осы тұрғыдан алғанда есімі ел ішінде құрметпен аталатындар аз емес. Соның бәрін бірдей жарылқауға жағдайымыз, көшеміз, ауылымыз жете ме екен?!

Ресми дерек тек Оңтүстік Қазақстан облысының өзінде тәуелсіздік алғаннан бері 500-ге жуық елдімекендердің аттары заман талабына сай өзгертілгенін айтады. Бұрын Кеңес Одағы тұсында Қазақстанның әкімшілік-аумақтық картасы Ресейдің картасына ұқсайтын, себебі жер-су, елдімекен атауларының басым бөлігі өзге тілде болатын. Еліміздің картасы да өзге тілде жасалатын. Бүгінде біршама түзелді дегеніміз болмаса әлі күнге дейін баяғы тоталитарлық режим бекіткен атауларынан арыла аймай жатқан ауылдар мен көшелер аз емес. Енді соның бәрін заман талабына сай лайықтап, жаңартатын кез келді.

Әрине, еліміз егемендік алғалы Қазақстанның картасы да едәуір өзгеріп, қазақшаланып қалды. Дегенмен, еліміздің солтүстік, шығыс, орталық облыстарында орысша атаулар әлі де сіресіп тұрғаны жасырын емес. Соның ішінде, Петропавл мен Павлодар қалаларының атаулары сол күйінде өзгермей-ақ қойды. Алайда осы атауды ауыстыруға кейбір басшылардың батылы жетпейтінін несіне жасырайық.

Қалай айтқанда да «атамның атын –ауылға, көкемнің атын – көшеге» дейтіндердің екпінін басып, бәріміз бір тудың астынан табылатындай ұлттық мүдде төңірегінде топтасқанымыз абзал. Әйтпесе, жік-жікке, ру-руға бөліну міне осындай майда-шүйде мәселерден бастау алып, ақыры тұтас елдің татулығына сызат түсіруі бек мүмкін.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар