Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да 50 мың тұрғыны бар ауыл қираған жалғыз өрт сөндіру көлігіне қарап отыр

ОҚО Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғындары тілсіз жаумен өздері күресуге мәжбүр. Өйткені 50 мыңға жуық тұрғыны бар ауылда жалғыз өрт сөндіру көлігі бар. Оның өзі ескі әрі шағын ғана. Соңғы уақытта өңірде өрттен зардап шеккендер саны артқан.

P1120184

Бұл туралы Stan.kz сайтының ОҚО-дағы тілшісі хабарлайды.

P1120180

Қарабұлақ ауылының тұрғыны Зәкіржан Наралиев осыдан екі апта бұрын бүкіл қыстық шөп пен мал азығынан айрылған. Алау от үйдің шатырын шарпып бар жиған-терген азығын жалмапты. Айтуынша, 2 жарым тонналық өрт сөндіру машинасындағы су он митутта-ақ таусылған. Әрі қарай көрші-қолаң болып шелектеп су тасыдық деп еске алады азамат. Сарай шатыры тұтастай жанып кеткен өрттен мал-мүлкін зорға құтқарып қалыпты.

P1120244

«Қысқа жиған бүкіл шөп өртеніп кетті. Сиырларымды зорға дегенде құтқарып қалдым. Сарайдың шатырынан да түк қалмады. Шығынымды кім көтереді? Жөні дұрыс өрт сөндіру көлігі болғанда бұлайша өртеніп кетпейтін еді. Келген көліктің суы сөндірмек түгелі бастамай жатып бітіп қалды. Бұл мәселе шешілмесе қиын болайын деп тұр», – дейді Зәкіржан Наралиев.

P1120213

Ал, өткен жылдың қыркүйек айында желдің ұшқынынан шарпыған алау от бірден бірнеше отбасын сан соқтырған. Қатты желден болған өрттен зардап шеккендерге ауылдастары 3,5 миллион теңге жинап беріпті. Әкімдік қол ұшын созуға қауқарсыз дейді тұрғындар. Жартылай үйі мен тұтас бір сарайы жанып кеткен Азат Қошақов бұл жайтқа бейқам қарайтын билікті кінәлайды.

P1120209

Оқиға болған күні өртті сөндіруге келген көліктің онымен күреске қауқары жетпеді дейді тұрғындар. Өртті сөндіруге ауыл халқы кіріскен. Трактормен су тасып, әлек болдық деп еске алады қарабұлақтықтар.

P1120215

P1120195

«Қатты желден үй де, сарай да жанды. Сарайдан түк қалмады. Мына жерде трактормен, цестернамен су тасып сөндірдік. Ал, ауылдың пожаркасы құр тұрды. Олардың суы таусылып қалды. Бүкіл жамағат болып өртті сөндірді. Жыл сайын осы. Жағдай өзгермей халыққа тыныштық жоқ», – дейді Азат

P1120216

P1120221

P1120229

Ауыл әкімі бұл мәселенің өзектілігін растайды. Берілген екі өрт сөндіру көлігінің біреуі ғана жұмыс істеп тұр екен. Өңірге кемінде тағы екі өрт сөндіру стансасы қажет дейді әкім мырза. Ол үшін арнайы жер бөлініп қойған. Жақында рәсімделеді екен.

Өрт сөндіру қызметінің басшысы ақпарат беруден бас тартты. Басшылар рұқсат бермеді деп. Бірақ, расында штат шектеулі екенін айтады.

P1120155

«Шынымен де өзекті мәселе. Өрт болса, қиналып қаламыз. Жақында бұл мәселе шешілер. Жер бөлдік. Әлі екі станса керек бізге. Халық саны өсіп келеді. Бірақ шығынды өтеу жағы қиындау. Оған бюджетте қаражат қаралмаған. Халық өзі қолдап көмек берді», – дейді Қарабұлақ ауылының әкімі Абдигапур Абдукадиров.

P1120185

Бүкіл бір ауылды қамтамасыз етуге қауқары жетпейтін жалғыз ғана ескі өрт сөндіру көлігі жиі жөндеуден өтуге мәжбүр. Ал, ауыл тұрғындарының өрт болған жағдайда жандарын шүберекке түюден басқа амалы жоқ.

P1120182

Талқылау