ОҚО-да 3 миллионның дәретханасын таныстырған экс-әкім жемқор болып шықты

ОҚО Жетісай қаласының бұрынғы әкімі  Байдуалы Базарбаевтың пара алғаны расталды. Мақтаарал соты экс-әкімге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, ОҚО сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Базарбаев заңсыз жолмен 200 мың теңге пара алды деп айыпталды. Сот оған алған парасынан 60 есе, яғни 12 миллион теңге айыппұл тағайындады.

Экс-әкім сотта кінәсін мойындады. Ол әзірше мемлекетке  4 миллион теңгесін төледі.

Айта кетейік, Байдуалы Базарбаев өткен жылдың қаңтарында  Жетісайдағы қоғамдық дәретхананы таныстырған еді. Оның құрылысына 3 миллион 140 мың теңге  жұмсалғаны белгілі болды.

Тағы оқыңыз:

Түлектер ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыра алады

Министр мұғалімдердің жалақысын өсіру қалай жүзеге асатынын айтты

Көктем және жаз айларына арналған ауа райы болжамы

Вице-спикер министрлік өкілінен үкімет сағатын босатуын сұрады

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар