ОҚО-да 3 миллионның дәретханасын таныстырған экс-әкім жемқор болып шықты
ОҚО Жетісай қаласының бұрынғы әкімі Байдуалы Базарбаевтың пара алғаны расталды. Мақтаарал соты экс-әкімге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, ОҚО сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Базарбаев заңсыз жолмен 200 мың теңге пара алды деп айыпталды. Сот оған алған парасынан 60 есе, яғни 12 миллион теңге айыппұл тағайындады.
Экс-әкім сотта кінәсін мойындады. Ол әзірше мемлекетке 4 миллион теңгесін төледі.
Айта кетейік, Байдуалы Базарбаев өткен жылдың қаңтарында Жетісайдағы қоғамдық дәретхананы таныстырған еді. Оның құрылысына 3 миллион 140 мың теңге жұмсалғаны белгілі болды.
Тағы оқыңыз:
Түлектер ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыра алады
Министр мұғалімдердің жалақысын өсіру қалай жүзеге асатынын айтты
Көктем және жаз айларына арналған ауа райы болжамы
Вице-спикер министрлік өкілінен үкімет сағатын босатуын сұрады
Талқылау
"Бағасы Еуропадан 10 есе төмен": Қазақстанға БАӘ, Ұлыбритания, Германиядан шетелдіктер медициналық көмек алуға келеді
Көптеген шетелдіктер кардиохирургия, онкология, стоматология мен чек-аптан өту үшін Қазақстанға келеді
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен