Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да 28 жастағы азамат жоғалып кетті

Оңтүстік Қазақсан облысында үйленгеніне бір ай да толмаған 28 жастағы азамат ұшты-күйлі жоғалып кетті.

жогалган жігіт

Бұл туралы жігіттің әкесі «ТВК» арнасына хабарлаған.

Үсенов Талғат Әлібекұлы қазан айының 4-күні кешкі сағат 6-да жұмысынан үйіне қайтқан. Алайда үйіне сол күйі жетпеген. Алғашқыда ұлдарын өздері іздеуге кіріскен ата-ана бұл әрекеттерінен ештеңе шықпағандықтан, елден көмек сұрап отыр. Талғат орта мектептердің бірінде ұйымдастырушы қызметін атқарады. Одан бөлек, той-томалақтарда ән айтып, қосымша табыс табады. Жоғалып кеткеннен кейін ол анасына: «Менде барлығы жақсы», – деп хабарлама жіберіпті. Алайда содан бері жігіттің қайда екенін ешкім білмейді.

Оқи отырыңыз: 

ОҚО-да 39 жастағы ер адам жоғалып кетті

Алматыдағы атыстан қаза тапқан полицейдің отбасына тиісті көмек берілмеген

Павлодарда ер адамды өлтіріп өртеп жіберген полицей 17 жылға сотталды

Таразда әскери қару қоймасының басшысы өзіне қол жұмсады

Талқылау