Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Өкінемін»: Тұрсынғали Алагөзов ұлының ашық хатына жауап берді

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың жұбайы Тұрсынғали өзінің ұлы Арсеннің ашық хатына жауап қайтарды. Бұған дейін Арсен пәтер мәселесіне қатысты сотта арызданғанын айтқан еді. Алайда Тұрсынғали Алагөзовтың айтуынша, оның мүлкі ұлы мен қызына көшірілген. Бұл туралы Тengrinews.kz  хабарлады.

Оның сөзінше, даудың себебі болған пәтердің жарты сомасы, яғни  300 миллион теңге екі жыл бұрын төленген. Сол кезде Арсен 19 жаста болатын.

«Қазір ол 21 жаста. Шетелде оқып жүргендіктен, Қазақстанға келмейді. Арсен ешқашан жұмыс істемеген. Ашық хатты оның атынан анасы немесе қарындасының жазғаны анық. Қазір біз екеуміз араласпаймыз, өйткені ол мені әлеуметтік желіде бұғаттап тастаған», – деп түсіндірді Баян Алагөзованың жұбайы Тұрсынғали.

Бұдан басқа, кәсіпкер бірінші әйелімен ажырасқаннан кейін компания акцияларын бұрынғы жұбайына беру туралы наразылықтарын жоққа шығарады. Ол бірінші әйелі сұрағанның бәрін жасағанын айтты.

«Бұл біздің ішкі мәселелеріміз. Осы даудың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны көңіліме жақпады. Сол үшін өкінемін», – деді Тұрсынғали Алагөзов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ-да Арсен Алагөзовтың атынан ашық хат пайда болды. Хат иесі отбасын тастап кеткен әкесі көптеген шешілмеген істерін ұлына қалдырып, балаларымен араласпай кеткенін айтты.

Оқи отырыңыз:

Төреғали сұлу да өнерлі қарындасын көпшілікке көрсетіп мақтанды (фото)

Айнұр Тұрсынбаева Қайрат Нұртастан қалай жеңілгенін айтып берді

Айгүл Иманбаева: “Интригаға толы” жаңа бейнебаяным қазақ көрермендер үшін ыңғайсыздау болуы мүмкін

«Ninety one» тобының әншісі «Жас Отанның» Орталық кеңесіне сайланды

Талқылау