Оған үйленуге әлі ерте. 12 жасар ақынның анасы қыз айттырғанын теріске шығарды

Сейсенбі, 29 Қараша , 2016 12:54

Жақында ғаламторда жас ақын бала Жамбылдың үйленетіні жайлы жарияланып, ел аузында шу болған еді.

2fe8d4bdbe7bdb225004fac49cd9d320

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Жамбылдың қазақ салтына сай сырға тағып, қалыңдық айттырғаны жазылды. Ал, Жамбылдың анасы бұл ақпаратты теріске шығарды.

«Мен сол ақпаратты таратқан жанды іздестіріп жатырмын. Біз Алматыда тұрамыз. Өзім мұғаліммін, күйеуім әкімдікте қызмет етеді, Жамбыл жалғыз ұлымыз, оған үйленуге әлі ерте», – дейді анасы Кәмшат Дүйсенова.

Желі қолданушылары жігіттің ерте үйленуіне қарсы еместігін жазып жатыр. Олар керісінше 40-қа келгенше үйленбей жүріп қалғаннан ерте үйленгеннің жақсы екенін айтуда.

Бұған дейін жас Жамбыл ақынның қыз айттырып, сырға салғаны жайлы хабарланған еді.

Алан Исаев

Жіберіп алмаңыз:

Данияр Елеусінов көмекке мұқтаж отбасының пәтер ақысын төлеп берді (фото)

Киімін теріс қаратып киіп намазды кері оқып мазақ қылғандар жұрттың ызасын келтірді (видео)

Алматыда көше ортасында көлік жүргізушілері жаппай төбелесіп қалды (видео)

Мәңгі ыстық мекен Сауд Арабиясын қалың қар басып салды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар