Оған сенеміз: Ақтөбелік Билл Гейтске алданып қалған салымшылар оны босатуын сұрап отыр

Сенбі, 3 Ақпан , 2018 20:16

Қуаныш Жақсыбаев WhatsApp, InDriver және OLX сынды ауқымды қосымшаларды басып озатын мобильді қосымшаны іске қоспақ болған. Бағдарламаға қарапайым халық демеу болған. Алайда қосымшаның іске қосылуына бір күн қалғанда, бағдарламашы тергеу изоляторынан бірақ шыққан, деп хабарлайды «AktobeTimes.kz» басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Өткен жылдың мамыр айында Қуаныш Жақсыбаев және оның «Unnnity corporation» компаниясы жас кәсіпкерлер форумында АPPРORT мобильді қосымшасы жөнінде мәлімдеген еді. Жақсыбаев аталған бағдарлама елімізде IT-технологияның дамуына алып келетінін айтқан еді. Бағдарламаның жасалуы мен іске қосылуына қомақты қаржы қажет болған. Сондықтан «Unnnity corporation» ЖШС компаниясының негізін қалаушысы және директоры Қуаныш Жақсыбаев мемлекет тұрғындарын бағдарламаның іске қосылуына атсалысуға шақырған еді. Мұнан кейін прокуратура Жақсыбаев қосымшаның көмегімен қаржы пирамидасын жасырып қалмақ болған деп күдіктеніп, оған қатысты «Қаржы пирамидасын құру және ірі көлемдегі қылмыстық топты басқару» бабына сәйкес іс қозғаған. 2017 жылы 9 тамызда ол тұтқындалып, мыңдаған салымшы ақшасынан қағылған.

Ал енді салымшылар жиналып, бас прокурор мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазды. Олар хатта Жақсыбаевтың қаржы пирамидасымен айналыспағанын және салымшылардың оған қатысты шағымы жоқ екенін жазған. Сондай-ақ, салымшылар оны босатуды сұрап отыр.

«Мұнда ешқандай пирамида жоқ. Бірақ көбі мұны түсінбей отыр. Жақсыбаев Президенттің сөзінен кейін маңызды мәселемен айналысты. Және оның қолынан келді. Егер оған жобасын аяқтауға мүмкіндік берсе, ол еліміздің бюджетіне оң әсер ететін еді. Мен биліктегілердің бұл мәселені шешіп, Қуаныштың бостандыққа шығатынына сенемін», – дейді салымшылардың бірі Камиль Хайрикенов.

Салымшылардың айтуынша, олардың салымы пайыздық өсіммен қолдарына тиюі керек болған. Ол үшін өзгелерді бағдарламаға тартудың қажеті болмаған екен.

Ал бағдарламаның тестілік режиміне қатысқандар АPPРORT қосымшасы туралы жақсы пікірде болып шықты.

«Қуаныш еркіндікте болуы тиіс. Оның идеясы менің және өзге кәсіпкерлердің кәсібін дамытуға себеп болды. Көптеген елдер осы бағытта дамып жатыр. Ал бізге белгісіз себептермен кедергі жасайды», – дейді кәсіпкер Елена Симоненко.

Жақсыбаев халықтың қаржыландыруының көмегімен бірнеше ай ішінде қосымшаны дамыту үшін бірнеше миллиард теңге жинаған. Серіктестерінің айтуынша, барлық салымшы өзіне тиесілі ақшасын алмайынша, ол халықтың қаржысын пайдаланғысы келмеген.

«Оның пәтері де, ақшасы да жоқ. Біреуді алдағысы келсе, ол тамаша жағдайда бақуатты өмір сүрер еді. Қуаныш әрқашан: «Бұл халықтың ақшасы. Ол барлығына пайдасын тигізуі керек», – деп айтатын. Сондықтан біз оған сенеміз», – дейді серіктесі Әлия Рахманова.

Қазіргі уақытта салымшылардың ақшасы «КазКоммерцБанкте» бұғатталған.

Жақсыбаевтың серіктестері кейбір адамдардың оның идеясына сеніп, банктен несие алып, артынан қиындыққа тап болғанын да мойындады.

«Шағымданғандар қатары аз. Артынша біз олармен жүздестік. Олар Жақсыбаевтың қамауға алынғанын қаламайтындарын айтты», – дейді Светлана Жиенбаева.

Мұнан кейін «АТ» тілшісі ғаламтор кеңістігінен «Unnnity corporation» компаниясы туралы ондаған жағымсыз пікір тапты. Олардың көбі Жақсыбаев тұтқындалардан бірнеше ай бұрын жазылған.

«Олардың жарнамасына сеніп, қомақты сома (мен үшін) салдым. Енді өзімнің артымнан адамдарды тіркеуім керек екенін айтуда. Бейшара адамдар бонус алу үшін, барлық жерде аталған компанияны жарнамалап жүр. Бұл қарабайыр пирамида. Ендігі ақшамды қайтарып берулері үшін, арызданғым келеді. Бірақ ақшамды қайтармайтын сияқты. Олардың тұзағына түсіп қалмаңдар, достар!» – деп жазған Райгүл интернет желісінде 12 маусым күні.

Компания салымшылары басқа да сайттарда отандастарымызға алданып қалмауын ескерткен. Десе де кейбірі компанияның жабылатынын білген сияқты.

«Бұған алданып қалмаңыздар. Олардың бір ғана қосымшасы бар. Тіпті оның бета-нұсқасы да жұмыс істемейді. Компания тек күмән тудырмас үшін ресми түрде тіркелген. Ал олардың it-өнімдерді жасаумен айналысатыны тек өздеріне күмән тудырмас үшін ғана айтылады. Шындығында, олар жаңа «ақымақты» тартумен белсенді түрде айналысады. Себебі олардың әрқайсы үшін 10% көлемінде ақша беріледі. Жылдам табыс табуды көздеген компаниялар ұзаққа бармайды. Құқық қорғаушылар бұл ақшаның қайдан келіп жатқаны жөнінде күдіктенгенде, компания да құрдымға кетеді. Ал иесі компания қаржысын үлгергенінше  өзгелердің атына жазып, қалтасына басып қалуға тырысады. Бұл басқалары сияқты кәдімгі пирамида», – деп жазған Әсел шілде айында Mod.kz сайтында.

Ал Жақсыбаев тұтқындалып, есеп шотындағы ақша бұғатталғанда, көптеген адам ақшаларын қайтаруға көмектесуін сұрай бастаған.

«Анам өзгелерінен жасырып, компанияға 1 400 000 теңге салған. Ол әлемдік бонус күн сайын пайда болады деп ойлаған екен. Енді не істеуіміз керек? Анам несие алып, өзінің барлық алтынын ломбардқа өткізген. Бұл өте ауыр жағдай. Көмектесіңіздерші! Мен Алматыдамын», – деп жазған Мөлдір 16 тамызда.

Оқи отырыңыз:

Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қазақ қызы өздерін «сатқын» деп атағандарға жауап берді

Бас прокуратура Алматы қаласы прокурорының қызметінен босатылуы жөнінде пікір білдірді

Ақтөбе тұрғындары есігі скотчпен жапсырылған автобустармен қатынауға мәжбүр

Ақтөбе облысында кәсіпкер асабаның ұялы телефонын қолды қылған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.02.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар