Облыс әкімі қызметіне кіріскен Жансейіт Түймебаев ақын Шахановқа шапан жапты (фото)

Дүйсенбі, 10 Қазан , 2016 10:49

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі қызметіне енді ғана кіріскен Жансейіт Түймебаев Шәмші Қалдаяқов атындағы “Арыс жағасында” VII ретро-фестиваліне арнайы келіп қатысты.

Festiball5

Бұл туралы rgmedia.kz хабарлайды.

Шәмші аллеясындағы қазақ вальсі корольінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойған әкім, ән кешіне қонақ ретінде қатысып отырған ақындар Мұхтар Шаханов пен Исраил Сапарбаевқа, әнші Нұрғали Нүсіпжановқа оқалы шапан кигізіп, қазақ вальсі корольінің жесіріне сый-сияпат жасады.

Festiball4

Festiball3

Сондай-ақ, аймақ басшысы “Менің Қазақстаным” Халықаралық ән байқауының жеңімпаздарын да салтанатты түрде марапаттап, оларға бағалы сыйлықтар табыс етті.

Festiball6

Ж.Түймебаев байқаудың бас жүлдегері қызылордалық Назым Сағынтайға 1 миллион теңгенің сертификатын өз қолымен табыс етті.

І орынға Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Диана Хашимжанова ие болса, ІІ орын алматылық Тілекбай Нағымбаев пен астаналық Еркебұлан Тұрмағамбетовке бұйырды. Ал жүлделі ІІІ орынға астаналық Жалғас Сұлтанов пен Марат Айтымбай және Лаура Айтбаевалар (Қарағанды) лайықты деп танылды.

Сондай-ақ, салтанатты шарада Облыс әкімінің арнайы жүлдесімен Қытай Халық Республикасынан келген Асылхан Дәстүр марапатталса, арнайы диплом қырғызстандық Биназира Аблаеваға табысталды.

Осыдан бірер күн бұрын мемлекет басшысының жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысына әкім болып Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев тағайындалған болатын. Бұған дейін аймақ басшысы қызметін атқарған Бейбіт Атамқұлов жаңа министрліктің тізгінін ұстады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • ВКО says:

    Тамаша Аким болады деп ойлаймын.Халыкпен жакын журеди,таза ана тилинде сойлейди.Осындай казахи акимдерди орыстар коп шогырланган обылыска жиберсе гой…

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар