Нью-Йорктің үздік полицейі Астанаға келді
Нью-Йоркте әрі полицей болып жұмыс істейтін, әрі бокспен айналысатын Димаш Ниязов Астанаға келді.
Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлайды.
Димаш 9 қыркүйек күні Қанат Ислам-Брэндон Кук бокс кешінің аясында жекпе-жек өткізеді.
“Алдын ала климатқа бейімделу үшін 1 қыркүйек күні келдім. Мұнда ауа-райы басқаша, жаттығу да өзгеше. Қарсыласым бразилиялық боксшы өте мықты. 22 рет жеңіске жетіп, 4 рет жеңіліпті. Бұл мен үшін өте ауыр, қиын жекпе-жек болады деп ойлаймын. Бірақ, кездесу барысында өзімнің мықты екенімді көрсетемін”, – дейді Димаш.
Димаш бала кезінде отбасымен АҚШ-қа көшіп кеткен. 2017 жылы ол атқарған үздік жұмысы үшін Нью-Йорктің үздік полицейі деген атаққа қол жеткізді.
Сонымен қатар ол кәсіпқой бокспен де айналысады. Қазірге дейін 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Оқи отырыңыз:
Алматыда ұшты-күйлі жоғалған 18 жастағы қыз өлі күйінде табылды
Ата-аналар бес күнге арналған күнделікті таба алмай жатқандарын айтып күйінді
Оралда өртенген үйден өлі табылған үш адамды жас жігіт өлтірген болып шықты

Жаңа оқу жылында бір оқушыны мектепке дайындау қанша тұрады: Ата-аналар шығындарымен бөлісті
