Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нью-Йорктегі ең үздік полицей атанған қазақ баласы Димаш Ниязов елге келді

«Нью-Йоркте ең үздік полицей» номинациясын жеңіп алған қазақ баласы Димаш Ниязов елге келді.

Туған өлкесі Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы жақындарымен жүздескен Димаш өзі оқыған мектепке барып, мұғалімдерімен қауышқан. Ауыл ақсақалдары мен жастары полицей боксшыны құрметпен қарсы алып, қошемет көрсеттіі, деп хабарлайды 31 арна.

Бұл жолғы сапарында Димаш Ниязов өзі түскен «Бизнес по казахски в Америке» фильмін тамашалау үшін арнайы кинотеатрға ат басын бұрды. Мұндағы қандастарымен де қауышып, сэлфи жасап үлгерді. Кинотеатрда тіпті, өзінің әріптестерімен де кездесіп, Қазақстандағы полицияның жұмысына қанықты. Көпшіліктің жылы қабылдауына ие болған Димаш Ниязов жерлестеріне дән риза.

“Қазақстан – бұл менің Отаным! Қазақтың қанындағы жауынгерлік күш-қайрат менің жұмысыма ғана емес, кәсіби бокста да көп серпін береді. Мен АҚШ-та жүрсем де, өзімді қазақ санаймын. Өйткені мұнда менің атамның да, әкемнің де және өзімнің де кіндік қаным тамған. Мені ыстық ықыласпен қарсы алған халқыма зор алғысымды білдіргім келеді”, – дейді  «Нью-Йорктің үздік полицейі» номинациясының жеңімпазы, кәсіпқой боксшы Димаш Ниязов.

Айта кету керек, Димаш рингтегі 12 жекпе-жегінің бірде-біреуінде жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы. Ол келесі кездесуін Астанада өткізуді жоспарлап отыр екен.

Тағы да оқыңыз:

Балалар үйі басшылығы 14 жылдан кейін ата-анасына оралған қыздың тағдыры туралы айтып берді

Ашаршылықтан соң қайта табысқан әке мен баланың аянышты тағдыры

Еліміздің тұрғындары жаңа-жыл мерекесіне қарсы 195 млрд теңгеге сауда жасаған

Талқылау