Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан әкімі ауыр жол апатынан көз жұмғандардың отбасына көмектеспек

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі бүгін орын алған жол апатынан қайтыс болғандардың отбасына және зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов марқұмдардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Бақыт Сұлтанов

«Қайтыс болған жандардың туған-туыстарына әкімдік атынан және өз атымнан қайғыра көңіл айтамын. Бүгінгі ЖКО-сы салдарынан екі адам қайтыс болып, 36 адам түрлі жарақат алған. Қазір олар медициналық көмек алуда», - дейді Бақыт Сұлтанов.

Осы орайда әкім бүгінгі жол көлік оқиғасынан қайтыс болғандардың отбасына, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді және ЖКО-ның себебін анықтауды тапсырды. 

Сонымен қатар, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Қамалжан Надыровтың айтуынша, оқиға орнында жедел жәрдемнің 19 бригадасы жұмыс жасауда. 

«Барлығы 36 адам зардап шеккен, екі адам қайтыс болып, 26 адам ауруханаға жатқызылған. Қазір үш адамға ота жасалуда, тағы төрт адам дайындалуда. Олардың қатарында 1983 жылы туған Филипин елінің азаматы бар, оның жағдайы ауыр. Алдын ала диагнозы – кеуде қуысы жарақаттанған және жамбасы сынған. Зардап шегушілермен психологтар жұмыс істеуде», – дейді. Надыров.

Жол апатына жедел жәрдем көлігі де түскен. Оның ішінде екі фельдшер мен жүргізуші болған. Жүргізуші дін аман. Ал бір фельдшер жабық бас сүйек-ми жарақатымен бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында үш автобус соқтығысып, жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көліктер соғылған еді. Апат салдарынан 2 адам көз жұмып, 27 адам зардап шекті.

ЖКО факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық және авто-техникалық сараптамалар тағайындалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау