Нұржан Керменбаев екінші ұлдың әкесі атанды

Қара баланың шаңырағында қос қуаныш! Күні кеше меншікті мерекесін тойлаған Нұржан Керменбаев екінші рет әке атанды. Әншінің жұбайы дүниеге шекесі торсықтай ұл алып келді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Аллаға сансыз шүкір, сансыз мадақ! Кеше өз туған күнім еді,ал бүгін екінші балам дүниеге келді. Иә, Раббым Алла, сен ең әуелгісің, сен кемшілік атаулыдан пәксің…

Біздерді адастыра көрме, біздерді өзіңнің сүйікті құлдарыңның қатарына қоса көр. Және ұрпақтарымызды саналы, салиқалы, ақылды, білімді ет. Берекелі, xайырлы ғұмыр бер және адастырма! Сүйіншің дайын Қымбат! Анамды 2 мәрте әже атануымен құттықтаймын! Ал ағайын көптің тілегі қабыл дейді, дұға-тілектеріңізді жаудыра беріңіздер! Баршаңыздың үйлеріңізде той думан, қуаныш болсын!
Есімін негізі таңдап қойған едік, бірақ сіздің нұсқаны да тыңдап көрейік!” – деп қуанышымен желіде бөлісті Нұржан.

Иә, есім таңдау мәселесінде жұрттан көмек сұраған Нұржан көп ұзамай ұлын қалай атағанын хабарлады. Сонымен дүниеге жаңа келген сәбидің есімі – Омар Нұржанұлы! Айтпақшы жары босанған шақта Нұржанның өзі Лондонда жүрген еді.

Айта кетейік, Керменбаевтың 2 жасар Мүсілім атты ұлы бар.

Жіберіп алмаңыз: 

Ерболат Құдайберген сахнада қақиып тұратын әншілерді сынап тастады

Танымал пародист Олжас Сыдықбек ұлды болды

Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің бизнесі тоқтап қалғаннан кейінгі қиын өмірі туралы айтып берді

Ақан Сатаев Томирис рөлін сомдайтын актрисаны көрсетті (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар