Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай Қазақстаннан кеткісі келетіндер жайлы айтты

Актер Нұртас Адамбай желіде елімізден шетелге кеткісі келетіндер жайлы жазды.

A8815_1000x768

«Күн өткен сайын адамдардан елімізден шетелге кететіні жайлы естіп жүрмін. Бірі Канадаға кеткісі келсе, бірі Европаға, өзге де жерлерге барғысы келеді. Оларды сонысы үшін сынайтындар да жетерлік. Меніңше, оларды кінәлауға болмайды. Әркім өзі қалағанша өмір сүреді. Олардың бәрі жоғарғы шенге жетіп, саясатқа араласуда қаламайды. Олар жай ғана әділ жұмыс істеп, лайықты түрде жалақы алып, өмір сүріп, отбасын асырағысы келеді», – деп жазады ол парақшасында.

Нұртас Адамбай бұлай деуінің себебін де тарқатып айтты.

«Отанға деген махаббат, патриоттық сезім жайлы көп нәрсе айтуға болады. Бірақ бұл өмір ғой. Балаңның болашағының қандай болатыны саған байланысты. Сондықтан сенің орның өзіңе қолайсыз болса, оны ауыстырған жөн», – деп жазады ол.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда азаматтарды уақытша тіркеу ережесіне өзгерістер енгізілді

Қазақстандықтар Конституция күні мен Құрбан айт мерекесіне орай қай күндері демалады

Қамауға алынған бизнесмен Тоқмәдидің келіншегі тағы бір мәлімдеме жасады

Талқылау