Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай келинка Сабинаның егізін тапты (фото)

Интернетте “Келинка Сабина” фильмінің басты рөліндегі келінге қатты ұқсайтын қыздың суреті пайда болды. Аталған рөлді ойнаған Нұртас Адамбай, ол қызды іздеп табуды өтінген. Тіпті, оны оған арнайы сыйлық дайындап, комедияның екінші бөлімінің премьерасына VIP-қонақ ретінде шақырмақшы.

“Қыздың есімі – Әсел Бодамбаева. “Мұндай сәйкестік те болады екен”, – деп Адамбай фамилияларының да дыбысталуы ұқсас екенінен таң қалған. 

Ал әлеуметтік желі қолданушылары екі кейіпкерді қатыстырып комедияның үшінші бөлімін де түсіруге ұсыныс білдіріп отыр. Еске сала кетсек, қалалық қыздың ауылдағы өмірі туралы баяндайтын картинаның жалғасы осы көктемде шықпақ.

Талқылау