Нұрсұлтан Назарбаев жаңа министрлік құруды ұсынды
Бүгін ҚР резиденті Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер және сауда министрлігін құруды ұсынды. Мемлекет басшысы мұндай ұсынысын Индустрияландыру күні аясында өткен телекөпір барысында айтты.
Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
«Сыртқы сауда мен инвестиция бірге болуы керек. Бізде сауда бір министрлікте, инвестициялар – басқа министрлікте. Біреу әр компанияның соңынан жүріп, бәрін тартуы керек. Жақсы жұмыс істейтін елдер осылай жасайды. Ал бізде мұндай жоқ. Біз осымен нақты кім айналысатынын анықтауымыз керек. Бізде сөйлейтін және шақыратын сондай адамдар бар ма? Егер болмаса, олардың орнына шетелдіктерді қойып, ақша төлеу керек. Біреу міндетті түрде экспортпен айналысуы қажет. Сондықтан, үкімет сауданың және инвестицияның қайда болатынын анықтауы керек. Мүмкін, Сыртқы істер министрлігі көптеген елдердегідей Сыртқы істер және сауда министрлігі болуы керек шығар? Ал Индустрия министрлігі тек индустриямен ғана айналысуы тиіс. Онда инновациялар ғана болсын. Әрқайсысы өз ісімен айналысқаны жөн. Бұлай жұмыс жүрмейді. Біз маңызды жұмысқа кедергі келтірмеуіміз қажет», – деді мемлекет басшысы.
Жіберіп алмаңыз:
Елбасы Қазақстанда бірнеше жаңа индустриялы өндіріс орындарын іске қосты
Назарбаев отандық аяқ киім мен костюм киетінін айтып мақтанды
Назарбаев барлық қазақстандықтардың отандық электромобиль мінгенін армандайды
Талқылау

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ