Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы Қазақстанда бірнеше жаңа индустриялы өндіріс орындарын іске қосты

Астанада жалпыұлттық телекөпір барысында елбасы онлайн-жүйеде бірнеше отандық өндірісті іске қосып, Қазақстан бойынша инфрақұрылымды жобадардың жұмысын бастауға тапсырма берді.

11-12-04

Индустрализациялау күні аясында 23 көлемді өндіріс орны енгізілді, деп хабарлайды bnews.kz.

«Мен 23 жобаны қарап шықтым. Бұл компаниялардың барлығының жетекшілерін білемін. Осы жолда үкімет, министрлік ауқымды жұмыстар атқарды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы үшін осындай сый жасағандарыңызға иіліп алғысымды айтам. Бұдан асқан сый жоқ», – деді мемлекет басшысы.

Елбасы индустрализация артса, дамыған 30 елдің қатарына кіретінімізді айтты.

«Біз барлық елге дағдарысқа қарамай өсіп, өркендеп жатқанымызды, кәсіпорындар салып жатқанымызды айтамыз. Оны қай ел атқарып жатыр? Ешбір елде мұндай жұмыс жасалып жатқан жоқ. Яғни, біз ұлы ел болуымызға лайықпыз. Тек ауқымды жұмыстар ғана бізді дамыған 30 елдің қатарына кіргізеді. Мақсатқа ұмтыла білгенде ғана жете аламыз», – деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, елбасы 23 ауқымды өндірісті іске қосты. Оның ішінде Ақмола облысы Глифосат калий тұздары және глифосат бар гербицидтер өндірісін бастады. Онда жылына 15 млн литр өнім өндіріледі. Ақтөбе облысында үй құрылыс комбинаты құрылды. Жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй салады. Алматы облысында инновациялық технологиялар бойынша шойын өндіру тау-кен өңдеу кешені іске қосылды. Онда жылына 400 мың тонна өнім өндіріледі.

Атырау Мұнай өндіру зауытын қайта құру және дамыту, ШҚО-да отын құрамаларын өндіру кәсіпорнының құрылысы басталды.

Ақтоғайда жылына 37 млн тонна руда өндіретін фабрика, Жамбыл облысында «Казфосфат» ЖШС жұмысы тексеріліп, БҚО-да аквамәдени кешен, Қарағанды облысында «АрселоМитал Теміртау» АҚ домна пеші жұмысын бастады.

Қостанай облысында «Баян сұлу» АҚ жұмыс көлемін арттырып, жылына 9 0 75 тонна өнім шығарады. Қызылорда облысында полиметалды руда құрылысы фабрикасы енгізіліп, СҚО-да май шығару зауыты жұмысын бастады.

Алматыда «Казлегпром-Алматы» модельді аяқ киім тігу ЖШС-і жылына 150 мың пар аяқ киім шығарады.

Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жылдарында 4 трлн. теңгенің 961 жобасы іске қосылды, 90,6 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Соның ішінде 2016 жылдың 10 айында 179,2 млрд. теңгенің 63 жобасы жүзеге асырылып, 4,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.

Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру басталғаннан бергі аралықта жасалған жобалар бойынша 7,5 трлн. теңге шамасында өнім өндірілді, соның ішінде осы жылдың 10 айында 1,8 трлн. теңгенің өнімі өндірілді.

Орташа есеппен, Карта жобаларын іске қосу арқылы ай сайын 160 млрд. теңгеден астам соманың өнімі өндірілуде.

Сонымен қатар, Карта аясында іске асырылған жобалардың есебінен 2016 жылдың 10 айында жалпы өңдеуші өнеркәсіп көлемінің 18,1%-ы өндірілді.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев отандық аяқ киім мен костюм киетінін айтып мақтанды

Назарбаев барлық қазақстандықтардың отандық электромобиль мінгенін армандайды

Сапарбаев: Келіндеріміз бен жеңгелеріміз ауылда отырып нан мен сүтті сатып алатын болды

 

Талқылау