Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға америкалық демократияны енгізуді негізсіз деп тапты

Сенбі, 26 Қараша , 2016 20:36

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Батыстың Қазақстанда американдық демократияны құруға деген талпынысын негізсіз деп санайтынын айтты.

2b61159c6295f868e1c43f92d6bfb1ac_XL

«Батыстың тәуелсіздігін алып, ешқашан либералды тәжірибені басынан өткеріп көрмеген Қазақстанға американдық демократияны енгізуге талпынуы негізсіз. Мұны АҚШ-тың бірнеше мемлекеттік хатшысына дәлелдеуіме тура келген»,- деп мәлімдеді Н.Назарбаев Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында.

Жұма күні мемлекеттік «Хабар» телеарнасы көрсеткен елбасының Bloomberg агенттігіне берген сұхбаты 22 қараша күні өткен болатын.

Мемлекет басшысы «мұсылман дінін ұстанатын азиаттық қоғамның өзіндік мәдениеті, тамыры болатынын, отбасыға, әйелге, балаларға, немерелерге, туған-туыстарға деген қарым-қатынасы олармен салыстырғанда басқаша болатынын» атап өтті.

“Біз, ең алдымен, демократиялық институт құра отырып, барлығына бірдей еркіндік беріп, Қазақстанда тұратын 130 ұлт өкілдерінің, 40-қа жуық діни ағымдардың құқығын қорғап мемлекет құрдық. Олардың барлығы тәуелсіз. Қазақстанның тұрақтылығының негізі осында», – деді президент.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев: Фидель Кастро есімізде тарихи тұлға ретінде қалады

Назарбаев келесі президент сайлауына өзін қандай жағдайда ұсынатынын айтып берді

Назарбаев Астана атауын өзгертуден бас тартты

Елбасы билік басында ұзақ отыр деген сынға қатысты пікірін білдірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар