Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан мен Иманғали, Қасымжомарт пен Дінмұхаммед үйсіз жүр

Нұрсұлтан мен Сара, Иманғали, Қасымжомарт пен Дінмұхаммед үйсіз қалды. Балаларына кілең танымал тұлғалардың есімдерін берген Рахмановтар отбасының 2014 жылы баспаналары өртеніп кеткеннен бері, далада қалғандай күй кешіп жүр.

4544545

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бес баласына танымал тұлғалардың есімдерін қойған Рахмановтар отбасының бүгінгі тұрмыс-тіршілігі осы. Нұрсұлтан мен Сара, Дінмұхамбет пен Иманғали, Қасымжомарттар қыстың қақаған аязында құрылысы бітпеген осы баспананы паналауда. Үш жыл бұрын үйлері қызыл жалынға оранып, түгі қалмай жанып кеткеннен бері Рахмановтар отбасы аязды күні іші қаңырап кететін үйде тұрып жатыр.

Балалардың анасының айтуынша, үйлері өртенген соң, қайтадан өз күштерімен баспана тұрғызған. Алайда, жолдасының жұмыстан қысқартылуына байланысты үйлері толық аяқталмапты.

“Менің балаларымның арманы жылы жерде отыру. Бір күн болса да “мама дейді, жылы жерде отырып шәй ішейікші” дейді. Соны армандайды. Мен сол жылылық жағынан көмектесетін азаматтар болса көмек сұраймын”, – дейді Атырау қаласының тұрғыны Мира Қожаназарова.

Балаларына ел азаматтарының есімін қойған бұл отбасының үйі өртенгенде барлық жеке бастарын куәландыратын құжаттары жанып кеткен екен. Ал, жергілікті билік болса, қолымыздан келген көмекті көрсеттік деп сөзін қысқа қайырды.

“Біздің әкімшіліктің тарапынан негізі оған қаржы қаралмаған. Жалпы, жеке кәсіпкерлерге демеушілік көмек сұрап қана көмектесілетін болады”, – деді Геолог ауылдық округі әкімінің орынбасары Жандос Шаданов.

Суық жерде күн кешкен Нұрсұлтан мен Сараның, Иманғали мен Қасымжомарттың армандары асқақ. Өздері бүгін жылы баспанаға зәру болып отырғандарымен, ер жеткенде елге көмек қолын созамыз дейді.

Оқи отырыңыз:

Жамбыл облысында тұрғын үй алдына бір жасар сәбиді хат жазып тастап кеткен 

Жамбылда сәбиін дәретханаға тастап кеткен келіншек аналық құқығынан айырылды

Оралда қоқыс арасында жалғыз тұрып келген әжейдің бармақтарын кесуі мүмкін

Қазақстандық әйел 2 баласын тастап, анасын асырауды жөн көрген күйеуі туралы айтты

Талқылау