Нұрлан Ноғаев Үкімет берген 692 млн теңгені алмай жүр

Сәрсенбі, 5 Қазан , 2016 13:28

Атырау облысында шағын және орта бизнестi дамытуға бөлiнген қаражат игерiлмей жатыр. Нұрлан Ноғаев Үкiмет басшысын жылдың соңына дейiн ақшаны жаратып үлгеремiз деп сендiрдi.

енененен

Фото: uralskweek.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бақытжан Сағынтаев жылдың соңында мiндеттi түрде сұрау болатынын ескерттi.

“Атырау облысында шағын және орта бизнестiң дамуы төмен. Бұл түсiнiктi де, мұнайлы өңiр болғандықтан, көбiсi осы салада жұмыс iстейдi. Дегенмен, оны дамыту үшiн қаржы бөлiп отырмыз. Сiздiң облысқа 692 млн қаржы бөлiнген. Осы уақытқа дейiн оны алған жоқсыздар. Сiздерде ниет жоқ па, әлде бизнесте қажеттiлiк жоқ па? Берiлген ақша игерiлмейдi, тiптi алынбайды, әлi күнге дейiн бiзде жатыр”, – дедi Б.Сағынтаев.

Ал Нұрлан Ноғаев 692 млн теңгеге келiсiмдер жасалғанын, жылдың соңына дейiн қаражат толық игерiлетiнiн айтты.

“Менiң ойымша, бұл жай ғана сөз. Өйткенi қазан айы басталып кеттi. Қаражатты аударып алғанша, сосын конкурс өткiзiп, кәсiпкерлерге бергенше жыл бiтедi. Яғни биыл шағын және орта бизнес бұл ақшаны пайдалана алмай қалды деген сөз”, – дедi Үкiмет басшысы.

Дей тұрғанмен, Атырау облысының әкiмi “үлгеремiз” деп сендiрдi.

“Жақсы, жыл соңында қандай шаруа тындырғандарыңызды сұраймыз”, – дедi Премьер-министр.

Айта кетейiк, өткен аптада да Нұрлан Ноғаев Үкiмет басшысынан сын естiген болатын. Облыста әлеуметтiк нысандар құрылысы уақытында аяқталмай жатыр.

Оқи отырыңыз:

Путин мен Назарбаев соғыс пен немістер туралы киноны қатар отырып тамашалады

Путин мен Атамбаевтың бір креслода отырған суреті елдің күлкісіне қалды

Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайтынын көрсетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар