Нұрболат Абдуллин Алматыда концерт беру үшін үш бөлмелі пәтерден бас тартты
Жуырда алматылық тыңдарманымен қауышқан Нұрболат Абдуллин үшін бұл концерттің орны бөлек! Танылғанына көп бола қоймаған әнші бұл кеште өзін жан-жақты қырынан көрсетуге тырысқан. Әр іске жауапкершілікпен қарайтын Нұрболат тіпті, тәуекелге бел буып, концерт өткізу үшін үш бөлмелі пәтерінен бас тартыпты.
Әнші “Жұлдыз” арнасының “Сенбілік серуен” бағдарламасына сұхбат беріп, болған оқиғаны баяндады, деп жазады Stan.kz.
“Шын мәнісінде Алматы қаласының ортасынан өзіме үш бөлмелі жеке пәтер алайын деп тұрған жерімнен бас тартып, ол қаражатты алғашқы үлкен концертіме құйдым. Құрбан деуге де болмайды, ол – тәуекел. Мен өзімді қазақтың өнері үшін жаратылған адаммын деп есептеймін. Сондықтан пәтер де, көлік те ешқайда қашпас. Бірақ дер кезінде әннің буы басылып қалуы мүмкін. Сондықтан да қазір тай-тұяғымыз қызып тұрған кезімізде халыққа мүмкіншілігімді, соның ішінде жанды дауыста біршама әнге дейін, стильге дейін, жанрға дейін көрсеткім келді”, – деді ол журналист Марал Сатқанғалиеваға берген сұхбатында.
Ағынан жарылған әнші бұл сөзінен кейін елдің шулап кететінін біледі. Алайда ештеңеге қарамастан, мүліктен бас тартқанына өкінбейді. Себебі ол үшін өнер – бірінші орында.
“Мысалы, кей тыңдармандар менің домбыра тартатынымды білмейді. Көбісі академиялық тұрғыда ән айтатынымды білмейді. Сол жағынан осы концертте бір шолып өттім. Бұл мен үшін үлкен мүмкіншілік болды. Өзіме жасаған сыйым деп ойлаймын. Әуелі Алланың арқасында. Бұл сұхбаттан кейін біраз дүние болуы мүмкін. Бірақ енді айтылуы керек дүние болған соң айтып жатырмын. Мен оған ешқандай қысылмаймын, намыстанбаймын. Себебі ол өзім үшін жұмсалған, осы өнерімнің айналымымен келген қаражат болғаннан кейін, керісінше рахаттанамын”, – дейді Нұрболат.
Тағы оқыңыз:
Сенің үстіңде “зың” болады: Гүлнұр Оразымбетоваға көйлек сыйлаған Қарақат сынға ұшырады (видео)
Қыдекеңе сыйлықтың “көкесін” жасадым: Қарақат жарының туған күніне ерекше құттықтау жолдады (фото)
Ерке Есмахан: 30-дан асып, бұрын тұрмыста болып та ханзадаға тұрмысқа шығуға болады екен