«Нұр-Мұқасан» дуэті тарап кетті
Қазақстан эстрадасындағы алғашқы топтардың бірі «Нұр-Мұқасан» дуэті ақыры тарап тынды. Топ әншісі Мұқасан Шахзадаев қазіргі таңда Нұрлан Қонысбаевтың қайда және немен айналысып жүргенінен бейхабар екенін мәлімдеді.
Бұл туралы «Астана» телеарнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.
«Нұрлан қазір өз шығармашылығымен, мен өз шығармашылығыммен айналысып жатырмын. Бұған дейін де айтылған болатын. Бұл тек Нұрлан екеуміздің арамыздағы әңгіме. Оны жарнамалағым келмейді. 26 жылдың ішінде бір-бірімізді кешірмейтіндей жағдай болған емес, десе де кішігірім түсініспеушіліктер болды. Бір жағы 26 жыл қатты кетпей, шыдап келген сияқтымыз. Қазір Нұрлан жайлы ештеңе айта алмаймын. Бейхабармын. Тосынсый әзірлеп жатқан шығар, бір күні жарқ етіп шыға келуі де мүмкін. Ол өзі тосынсый жасағанды жақсы көретін адам», – деді Мұқасан Шахзадаев.
Жіберіп алмаңыз:
Менің анам мен үшін мінсіз! Айсәуле Бақытбек жан айқайын жеткізді
Бейбіт Көшқалиев өзінің университеттегі ұстазына үйленгенін мойындады
Әнші Ademi: Күйеуім «саған төсек қатынасын ұсынады» деп әнші болғанымды қаламады