Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Луина денесіндегі қару мен жолбарыстың суретін көрсетті

Жуырда Луина ішіне тұтастай татуировка салдырып, көпшіліктің таңданысын туғызған болатын. Бұл жолы әнші іш киіммен түскен суретін жариялап, өзінің ішіне салдырған суретті анық көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.

15047983_1205341722837949_2155844312942772224_n

Өзінің тарапына сын естуден шаршамайтын Луина тағы да елді дүрліктірді. Ол іш киіммен түскен суретін жариялап, ішінде бейнеленген қару мен жолбарыстың суретін көрсетті. Әншінің мақсаты да желі оқырмандарын шулату болғандай.

“Шулаймыз ба?” – деп жазды ол бөліскен суретінің сипаттамасына.

Желі қолданушыларының басым бөлігі әншінің бұл қылығын сынға алды. Көпшілік оның тым ашық-шашық киінетініне наразылық танытып, өскелең ұрпаққа теріс үлгі көрсетеді деп сөкті. Келесі оқырмандар Луинаның мұсылмандарға, қазақ халқына жат әрекетке барғанын айтып сынады. Әншінің татуировкасын “заманауилыққа”, “жаңашылдыққа” теңеп, жақтағандар да көп болды.

Жіберіп алмаңыз:

Ділназ Ахмадиева мен Рано Омарова жаңа топ құрды (видео)

Қайрат Нұртас Ақтөбеде өткен концертінен түскен қаражатты балалар үйіне аударды

Баян Есентаева: Қыздарға секс жайында 15 жастан бастап айту керек

Имашев Назарбаевтың есімін Петропавл не Павлодар қаласына беруді ұсынды

Талқылау