Нумеролог: Қызқұмар Айқын үшінші рет үйленуі мүмкін

Қазақстандық әншілерге жасаған болжамы дәл келетін ресейлік нумеролог бұл жолы Айқын Төлепберген туралы ойымен бөлісті. Клара Күзденбаева Айқынның қызқұмар екенін айтып, оның өмір бойы әртүрлі қыздарға ғашық болып өтетенін мәлімдеді.

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бір қызығы, Күзденбаева Ресейде болса да, Айқынның Жұлдыз Өмірғалимен көңіл қосқанын, тіпті, ұлды болғанын естігенін жеткізді. Оның пікірінше, Айқынға жеке өмірін жасырғаннан пайда жоқ. Себебі ел бәрібір шындықты біліп қояды дейді Күзденбаева.

«Айқынды жеке танимын, жақсы, мейірімді жігіт. Сексуалды энергиясы басым, оны елдің бәрі жақсы көреді, ол көпшіліктің ортасында жарқырап жүретін азамат. Ең қызығы, Айқынға өтірік айтуға болмайды. Айқын қанша сыртта жүріс жасаса, оны міндетті түрде бүкіл ел естиді. Себебі ол жасыра алмайды, өтірік айта алмайды.

Жалпы оның серіктеріне қиынға соғады. Неге? Себебі Айқынның бұл өмірде серіктері көп болады. Ең қызығы, жаңа адамға ғашық болған сайын сәттілік оның серігіне айналады. Неге десеңіз, оның коды сондай. Яғни, ғашығы ауысқан сайын ол шығармашылықта биікке өрлейді», – деп түсіндірді Күзденбаева.

Нумерологтың айтуынша, Айқын қолы ашық, жомарт әрі әрқашан көмектесуге дайын тұратын азамат. Бірақ тұрмыстық өмірде мінезі адам төзгісіз дейді ол.

«Оның жарының төзімі мықты болуы қажет», – деген Күзденбаева Айқынның үшінші рет үйленуі мүмкін екенін айтты.

«Тіпті, үшіншісі өзге ұлттан болуы ғажап емес. Жалпы ол өте қызқұмар. 38 жасында жеке өмірінде өзгеріс болады. Жалпы ол тез ғашық болып қалатын адам. Және бұл жайт ұзақ жылдар бойы жалғаса береді. Серігіне оның жүрістеріне көз жұма қараудан басқа амалы жоқ», – деп түсіндірді нумеролог.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал нумеролог: Қайрат Нұртасқа табыс алып келген оның жары Жұлдыз

Айдарқұловтың экс-жары әзілкешпен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты

Меруерт Түсіпбаева: Көлігімді жұбайым ретінде жақсы көремін (фото)

Қайрат пен Төреғалидің “Жекпе-жекте” тең түскені тыңдармандарға ұнамай қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар