Ninety one тобының солистері бес жаққа тарады

Сәрсенбі, 22 Маусым , 2016 12:52

Аз уақыт ішінде танылып үлгерген Ninety one тобының жігіттері бес жаққа тарап кетті. Алайда жігіттер топтан кеткен жоқ. Бар болғаны өздеріне жеті күндік демалыс жариялап, туған қалаларына барып қайтты. Олардың айтуынша, екі жарым жылдан бері продюсермен демалыссыз жұмыс істеп келеді екен.

10853132_410704275771834_1724359074_n

Фото: instagram.com/91ninetyone.kz/

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Атышулы Ninety one тобының жігіттерін даттағандар қанша болса, оларды жақтағандар да көп болды. Талай мәрте сын садағына ілінсе де, бүгінде құлақтарының тынышталғанын айтып жатыр. Өйткені оларға қарсы айтылатын сыни пікірлер бәсеңдеген көрінеді.

Мұнымен қатар, топ мүшелері ата-аналары мен достарын сағынып, туған қалаларына барып келуді жөн көрген. Осыған орай, өздеріне жеті күндік демалыс жариялаған.

“Бұрын метромен, автобуспен еркін жүре беретінбіз. Бірақ қазіргі кезде бұлай жүре алмаймыз. Себебі көріп, бізді танып қояды. Тіпті жаяу жүрудің өзі кішкене қиындау болып тұр. Үйімізге бармағалы көп болды. Өзіміздің ата-анамызды, туысқандарымызды және ескі достарымызды көрмегелі көп болды. Әрқайсысы өзінің үйіне барғысы келді. Жақындарын көргісі келді. Сол себепті біз осылай бес жаққа кеттік”, – дейді Ninety one тобының солисі.

Ал Ерболат Беделхан небәрі жеті күннің ішінде шәкірттерін сағынып қалғанын айтты. Мұнымен қатар, бүгінгі таңда өздеріне қарсы айтылатын сыни пікірлердің бәсеңдегенін жеткізді.

“Оларды күнде көретінмін. Бір жұма көрмей қалған едім, сағынып та үлгердім. Балалар да, мен де сағынысып қалыппыз. Көріскен кезде сондай бір керемет сезімде болдық. Айтылған сөз сүйектен өтеді. Жандарына тиеді. Бірақ біз дайын болғандықтан, барлығына түсіністікпен қарадық. Құдайға шүкір, қазір барлығы тынышталды. Соған қуаныштымыз. Біз ешкімге жамандық тілемейміз”, – дейді топ жетекшісі Ерболат Беделхан.

Ninety one тобы жаңа маусымда кезекті бейнебаяндарын әзірлеп, жаңа альбомдарының тұсауын кеспек. Мұнымен қатар, жуырда тұңғыш рет Қазақстанды аралап, әр қалада жеке ән кештерін өткізбек. Аталған сапарларын Қарағанды қаласынан бастағалы отыр екен.


Жіберіп алмаңыздар:

“Діндарлар” Ninety One тобының шайтанды “насихаттайтынын” айтады (фото)

“Ninety one” тобы кезекті бейнебаяндарының тұсауын кесті (видео)

Атышулы “Ninety one” тобы жаңа бейнебаяндарының тұсауын кеспек

“Ninety one” жігіттері өздеріне қандай қыздар ұнайтынын айтты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

13
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар