Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы “Ninety one” тобы жаңа бейнебаяндарының тұсауын кеспек

Құрылғандарына бірнеше ай болса да, барша Қазақстанға танылып үлгерген Ninety one тобы бүгін кезекті бейнебаяндарының тұсауын кеспек. Топ “Қайтадан” атты әнге бейнебаян түсірген екен.

915568_187460598303814_46340877_n

Фото: instagram.com/91ninetyone.kz/

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Тизері жарияланса да, бейнебаянның не туралы болатыны әзірге белгісіз. Десе де, барша жанкүйерлері ерекше қызығушылық танытып жатыр. Аталған әннің сөзі – Мұхамедқаиев пен Зенкаевке, ал әуені Бақытжанға тиесілі.

Teaser #3

Видео опубликовано 91 NINETY ONE official page• (@91ninetyone.kz)

“Сәлем, Eaglez! Біз керемет жаңалығымызбен бөліскіміз келеді! 2 маусымда “Қайтадан” атты синглға түсірілген бейнебаянның тұсаукесері болады. Бұл тамаша оқиғаның алғашқы куәгері болғыңыз келсе, 2 маусымда Алматыдағы Грандпаркте сіздерді күтеміз! Ұмытылмас кеште бізбен бірге болыңыздар”, – деп топ солистері барша тыңдарманын қуаныштарымен  бөлісуге шақырды.

Аталған кеште тек Ninety one тобы өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ.


Жіберіп алмаңыз:

“Ninety one” жігіттері өздеріне қандай қыздар ұнайтынын айтты (видео)

Бекболат Тілеуханов “Ninety one” тобына қатысты пікірін білдірді

Мейрамбек Беспаев “Ninety One” туралы әзіл айтып, әріптесін күлдірді

“Ninety one” тобын сынаған Төреғалидің өзі ұлтшыл деп айыпталды

 

Талқылау