Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ninety one” тобының ата-аналары Мейрамбек пен Сәкенге реніштерін жеткізді

Ninety one тобының ата-аналары ұлдарын сынап тастаған Сәкен Майғазиев пен Мейрамбек Бесбаевқа реніштерін жеткізді.

21041473_192172757989878_936477220430413824_n

Сурет: Ninety one тобының жеке парақшасынан

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Жуырда Сәкен Майғазиев 91 тобының артықшылықтары мен кемшіліктерін жіпке тізіп, топты сынаған болатын. Топ шыққалы екі жылдың жүзі болды. Осы уақытқа дейін үндемей келген 91 тобының ата-анасына енді ғана тіл біткен сыңайлы. Әлеуметтік желі арқылы “Музарт” тобының әншілеріне ашық хат жолдаған.

“91 тобы туралы жағымсыз, біржақты пікірлер айтып жүрген өнер адамдарының ішінен жастайларынан көз алдымызда өскен, өздері де топ құрған, оның барлық қызық-шыжығын білетін Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев інілеріміздің қандай бастамаға жанашырлық жасамақ болып жүргендерін түсіне алмадық. Әлде қазақ эстрадасының көсемдері болғысы келе ме? Немесе эстрадаға кеңес одағы кезінде орын алған цензура орнатуға бастамашы болғылары келіп жүр ме? Түпкі мақсаттары не? Топты тарату ма?” – деп жазылған хатта.

Аталған хаттан қазақстандық жұлдыздар хабардар болып шықты. Десе де, оны Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиевтің оқыған-оқымағаны әзірге белгісіз.  “Шет жағасын оқыған едім. Мейрамбек пен Сәкен ағамыздың 91 тобы туралы айтқан ауыр сөздерін айтып, неге түсіреді деп ренжіген екен”, – дейді Талғат Жорабаев.

Ал Әсет Қарабалин мұны сынға емес, ағалық ақылға балап отыр. “Сәкен ағамыз бен Мейрамбек ағамыздың айтулары бойынша, ер жігіттің өзіне тән қасиеті болуы керек”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Николь Кидман салтанатты шарада күйеуінің көзінше әріптесін сүйіп алды (видео)

Айдар Тұрғанбек: Қазіргі қыздардың тәрбиесі қиын болып барады

Меруерт Түсіпбаева алғаш рет жалғыз ұлының әкесі туралы айтты

Тоқтар Серіков: Бар әйелді, бар баланы елден жасыру – күнә

Талқылау