Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Ninety one» тобы туралы фильмде ел білмейтін құпиялар ашылмақ

Иглздарға эксклюзивті жаңалық! «Найти уандық» мемберлер туралы тұңғыш фильмнің тұсауы кесілетін күн де таяп қалды. Бұл картина көрерменін таңқалдырып, кью-поперлердің ел білмес құпияларын ашады дейді авторлары.

19429290_1406422312787358_9182452277108015104_n

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Иглздардың сүйікті мемберлері туралы байопикты тамашалар уақыты алыс емес. Киногерлердің айтуынша, фильм көрермен назарына ұсынылуға сақадай сай..
“Түсірілім бір демде өтті. Өте қысқа уақытта, небәрі 20 күннің ішінде картинаны таспалап бітірдік. Топтың атышулы болғанына қарамастан, бәрі сәтті, еш қиындықсыз өтті», – дейді режиссер Асқар Ұзабаев.

Тіпті, ыстығы басылмаған кинокартинаның жабық көрсетілімі өткізіліп, алғашқы көрермендерден өз бағасын алып үлгерген. Әзірше, фильм оң қабақпен қабылдануда…
«Біз кинотеатрлардың өкілдеріне, тіпті киносыншыларға да көрсеттік. Ең қызығы, тамашалағандар арасында көз жасына ерік бергендер көп болды», – дейді продюсер Әсел Сәдуақасова.

Жабық көрсетілімге келушілер ғана емес, «Найнти уандық» мемберлер де кинокартинаны тамашалап болған соң таңданыс білдірген көрінеді.
“Олар ерек сезімде болды. Мұндай болып шығады деп күтпеген болу керек. Бізге алғыстарын да білдіріп жатты», – дейді Әсел.

Үлкен жұмыстың барлығы артта. Кинокартинаның саундтрегі жазылып, бейнебаяны да монтаждалуда. Режиссер Асқар Ұзабаев, фильм әнінің мүлде ерекше болатынына сенімді.

«Бұл бұрынғылардан мүлде бөлек, ерек туынды болмақ. Тіпті, жаз маусымының хитына айналарына да сенімдімін», – дейді Асқар Ұзабаев..

«Найти уандықтар» кинокартинаның тұсаукесері алдында иглздарына талай тосын сый әзірлеуде. Мемберлер сіздің үйіңізге қонақ болып келсе де еш таңқалмаңыз!

Жіберіп алмаңыз:

Талай жігіт сөз салған: Танымал журналист не себепті әлі күнге дейін тұрмыс құрмағанын түсіндірді

Анасының қызы: Айару Бақытбектің купальникпен түскен суреті желіні шулатты

Ерлан мен Баян қырқынан жаңа шыққан сәбилерін көрсетті

Анасынан аумайтын қызым: Сәкен Майғазиев отбасылық қуанышымен бөлісті

Талқылау