Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Ninety One» тобы 300 қыздың басын қосып фан-митинг өткізді

Қазақстанда ғана емес, Ресей, Украина сынды көрші мемлекеттерге танылып үлгерген «Ninety One» тобы шағын альбомдарының шығуына орай фан-митинг өткізіп, 300-ден астам жасөспірім қыздың басын қосты. Жігіттер аталған шара туралы өздерінің инстаграмдағы парақшасында жазды.

Топ

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осыған дейін Ринат Зайытовтың сынына қалып үлгерген «Ninety One» тобы Ерболат Беделханға тиесілі. Аталған топтың фан-митингіне келген қыздар билет емес, шағын альбомдарын сатып алу арқылы кірген.

1

«Ninety One» тобының жанкүйерлері өздеріне «Eagles» деп ат қойып та үлгерген.

Сарыарқа кинотеатрының қабырғасында алғаш рет өткізілген фан-митингте түрлі ойын ұйымдастырылып, тыңдармандарға қызықты сұрақтар қойылған. Мұнымен қатар, топ жақында жаңа бейнебаян ұсынатындығын айтып, тыңдармандарын қуантты.

Талқылау