Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Никита Михалков Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Танымал  режиссер, сценарист, Ресей киномотогрофистер одағының төрағасы Никита Михалков Қазақ елін Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Белілгі режиссер Қазақстандықтарды құттықтап қана қоймай, екі елдің арасындағы ынтымақтастықты сөз етті

“Біз бір-бірімізге жақындығымыз соншалық, бірігіп өзгеге тәуелді болмауымыз керек. Өзгелерге тәуелді болмау үшін, бір-бірімізге тәуелділікті тілеймін”

Сонымен қатар Никикта Михалков Л.Н.Гумилевтың Еуразиялық одақ құру жөніндегі идеясының жүзеге асуында  ҚР президенті Назарбаевтың рөлін сөз етті. Михалков Еуразиялық одақты жаңа цивилизация деп атады.

“Қазақстандағы әріптестерімді және достарымды құттықтаймын. Мен бұл елді шын сүйемін. Себебі мен онда көп жұмыс істедім және халқының алдында бас иемін”, - деді режиссер Никита Михалков.


Тағы оқыңыз: 16 желтоқсан тәуелсіздік күні туралы мәлімет

Талқылау