Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Несие алып, тойында ажырасқан жастардың қылығы жұртты шошытты (видео)

Желіде той көйлегін киген қалыңдық пен костюмдегі күйеу жігіттің қылығы жұртты шошытты,-деп жазды Stan.kz сайты.

той1

Қалыңдық пен күйеу жігіт қалада адам қарасы көп жерге, лимузин көлігімен келіп түседі. Жұлқынған қалыңдықты қуған жігіт жүгіріп келіп ұстап алады. Жұртты өздеріне қаратқан жастар ортада алысып-жұлысып төбелеседі. Жігітін гүлімен сабалаған қыз “Бәрі бітті. Қазірден осындайсың. Кет әрі” деп айқайға басады. Жігіт өз кезегінде қызды тоқтатуға тырысады.

“Әке-шешеңді ойла. Тойға дайындалдық. Есің дұрыс па?”,-деп  жігіті ұрысып жатты.

Қыз ештеңеге қарамастан адамдардың ортасына қарай кетіп қалады. Жігіт болса соңынан “Тойға деп алған несиені қайтем?” деп қалады.

😱

Публикация от Kazakhstan (@krutye_agashki)


Осы  жайттың куәсі болып отырған ондаған адамның ешқайсысы, жастардың ұрысына араласпаған. желідегілер мұны әлеуметтік эксперимент деп те  болжаған. Енді біреулер, “шығынданып той жасағанша, азаматтық неке дұрыс екен” деген тоқтамға келгендерін жасырмады.

Оқи отырыңыз:

Науқас аналарын бағып отырған балалар барша халыққа алғыс айтты (фото,видео)

Мақпал Жүнісоваға Болат Назарбаев көлік сыйлады

Мақпал Жүнісова екі келініне екі көлік сыйлады

Анасына ән арнаған Мақпал Жүнісованың қызы көпшілікті тәнті етті (видео)

Талқылау