52 жасқа толған Шахизадаға ұлы үшінші рет тұрмыс құруға рұқсат берді (фото, видео)
Күні кеше қазақ өнеріндегі майталмандардың басын қосып, дүбірлі той жасаған Шахизадаға ет-жақындары мен әріптестерінің тарапынан тосыннан ұсыныс түсті. Қуанышқа жиналғандар әншінің үшінші мәрте тұрмысқа шыққанын қалайды. Ерекше бастаманы қолға алған Шахизаданың ұлы -Олжас. Жұлдызды бас қосуға Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі куә болып қайтты.
«Енді мен әрдайым жалғыздық тек Құдайға жарасқан деп айтып келемін. Әр адамның жары болуы керек. Мұндай жасқа келіп, бізге түсінбеу мүмкін емес. Түсінеміз оны да. «Сізді сүйетін жарыңыз болса, ешқашан біз қарсы болмаймыз» – деп әрдайым айтып отырамыз. Сол кезде анам қуанып қалады. Бірақ әлі сүйіктісі кездескен жоқ сияқты (күледі)», – дейді ұлы Олжас Байпатшанов.
Әншінің келіні мен ұлының сөзін тойға келген меймандарды қолдай кетті. Шахизаданың бақытты жүзін көргісі келетін өнерпаздардың қатырында Халық әртісі де, талай хиттерді қара өлеңмен көркемдеген атақты ақын да бар!
«Шахизаданы ұлы жақсы түсінеді. Мен қарсы болмас едім. Әр адам бақытты болуға лайықты. Сондықтан тұрмысқа шыққанын тілер едім. Шәкеңнің үйіне келгенде, оның жанын түсінетін, жүзіне біз сияқты тамсанып қарайтын. Кейде еркелеп шашын тарайтын. Әлемдегі ең әдемі ханшайым қылып санайтын жан қасынан табылса, кім қуанбасқа..? Шәкең сыңарын тауып, шырағын жағып жатса, тойын өзім басқаратын едім ешкімге берместен», – дейді ақын Құрманай Бақтиярқызы.
«Әрбір әйел адам бақытты болуға лайықты. Егер де аялай білетін адам кездесіп жатса, балалары қарсы болмаса, неге біз қарсы болуымыз керек. Мен Шахизаданың тұрмысқа шығып, бақытты болғанын қалаймын», – дейді Мақпал Жүнісова.
Көпшіліктің тілегін тыңдаған Шахизаданың да жауабы дайын. Әнші үшінші мәрте тұрмысқа шығуға жүрексініп жүргенін жасырмайды. Десек те жүрек қалауын түсінер жан болса, қарсы емес екендігін жеткізді.
«Баламның түсінігі мол. Шаршағанымды көреді. Бірақ мен білдіртпеймін. Арасында мұңаятын кездерім де бар. Күрсінетін кезім бар. Сонда балам айтады: «Анашым, егер де сізді алақанына салатын ер-азамат болса, тұрмысқа шықсаңызшы» – деп кейінгі кезде жиі айтып жүр. Құдай күйеуді беремін десе, «форточкадан» бере салады екен ғой. Сол «форточканы» ашып қойып жатырмын. (күледі) Бірақ қорқыныш бар.
Өйткені, екі рет тұрмыс құрған адаммын. Үшінші рет жайдан-жай күйеуге шыққым келмейді. Мен балаларымды ойлаймын. Олар менің бақытты болғанымды қалайды. Сол үшін мен көп ойлануым керек. Ертең балаларым: «Анашым, неге сен мұңаясың?» – деп айтпауы керек. Сондайға жеткізбейтін азамат болса, тұрмысқа шығамын», – дейді Шахизада.
Айта кетейік, әріптестеріне ақ дастархан жайған Шахизада немересінің тұсауын кесіп, түнгі 12-ден кейін өзінің 52-ші туған күні тойлады.
Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.
Тағы оқыңыз:
Замира Сұлтан: Менің күйеуім Бүркіт сияқты болу керек
Қайрат Нұртас отбасымен бірге киелі Ахмет Яссауи кесенесінде болып қайтты (фото)
Сара Амангелді: КешYou-де жүрген кезде киноға бару үшін директорға жазып, сұранатын едік
Кенжебек: “Музартқа” алғаш келгенде ақтаулықтар белімізге қыстырған 2 мың долларды түгел мен алдым