Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Немере бағатын уақыт жоқ: Жұлдызды әжелердің ақиқаты ашылды

Бұрынғының әжелері бар уақытын немересіне арнаушы еді, бүгінде бұл үрдіске сызат түсе бастағандай ма?! Қазіргі таңда ұл-қыздарынан өрбіген балаларына, уақыт таппай қиналып жүретін жұлдыздар, мұндай көзқараспен келісетін де секілді.

бақыт шадаева - шахизада

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Жұлдызды әжелер» жайлы тақырып, Шахизаданың дүбірлі тойында талқыға түсті. Күні кеше немересінің тұсауын кескен әнші, ұлының кішкентайларымен сирек серуендейді екен.

“Уақыт жоқ! Әрдайым жолда. Сосын енді, үлкен жанұяны өзім асырап, өзім жағдайларын жасап, жүгіріп жүрген анамын, әжемін. Сондықтан, менің мойынымда үлкен жүк. Бірақ, гастрольдік сапармен кетіп бара жатқан кезде, міндетті түрде кіріп шығамын. Беттерінен сүйіп шығамын”, – дейді Шахизада.

Шахизаданың тынбай тер төгуі, дәл осы отбасының қамы. Немерелеріне уақытты аз бөлсе де, олардың қуанышында тік тұрып қызмет етуге дайын.

“Осындай дүрілдетіп той жасап, осы балапандарымның қуанышын бөлісіп жатқаным, сонда мынандай әже болып тұрмын ғой енді”, – дейді Шахизада.

Танымал әжелердің тізімінде Бақыт Шадаева да бар. Әншіге үлкен қызы қос немере сыйлаған. Алайда, жұлдызды апа, жиендерін жиі көре бермейді екен.

“Күнде деп мен айта алмаймын. Менің күйеу балам мен қызым Астанада тұрады. Мен өзім Астанада тұрамын. Күнде көре бермеймін. Көп араласа бермеуге тырысамын. Өйткені қыз баланы мен жібергенмін”, – дейді Бақыт Шадаева.

Бүгінде, Мақпал Жүнісованың да бұрымдысы бойжетіп қалды. Халық әртісі қызын дәл қазір ұзатпаса да, мектеп қабырғасындағы Мерейге, болашақ ана екенін санасына сіңіру үстіндемін дейді.

“Осы бастан әңгіме қыламыз. Армандаймыз. Алла тағаладан сұрап жатырмыз. Осындай ел қатарлы бізде қуанышқа жетіп, болашақта немере сүйіп, қызымызды ұзатып… Бақытты болса екен деп армандаймыз!” – дейді Халық артисі.

Тағы оқыңыз: 

Салтанат Бақаева бұрымдыларға шаш өрудің түрлі әдістерін үйретіп жүр (видео)

Сүйіктісімен айырылысып кеткен Луина тұрмысқа шыққысы келмейтінін мәлімдеді

Джах Калиб пен Ғалымжан Молданазар дуэт жаздырмақ

10 жыл бұрын: Қайрат пен Жұлдыздың үйлену тойының суреттері жария болды (фото)

Талқылау