Назым Қызайбай үндістандық Мэри Комнан жеңіліп қалды

Жексенбі, 27 Наурыз , 2016 21:03

Бокстан Қытайдың Цяньян қаласында өтіп жатқан Рио-де-Жанейро (Бразилия) олимпиадасына Азия боксшыларын іріктеу жарысында қазақстандық Назым Қызайбай (қыз бала – ред.) 1-айналымда бес дүркін әлем чемпионы, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері үндістандық Мэри Комнан жеңіліп, жарысты аяқтады.

назымммм

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

Алайда 2014 жылғы әлем чемпионы – Назым Қызайбайдың олимпиададан үміті осымен үзілмейді. Енді ол мамырда Астанада өтетін әлем чемпионатында жолдама алуға тырысады.

Ал Қытайдағы іріктеу жарысына қатысып жатқан қазақстандық басқа да боксшылар – Абылайхан Жүсіпов (64 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Дариға Шәкімова (75 кг) және Назым Ишанова (60 кг) алғашқы қарсыластарын жеңіп, 2-кезеңге шықты. Қытайдағы іріктеу жарысы 2 сәуір күні аяқталады. Әр салмақ дәрежесіндегі алғашқы үштікке енген боксшылар олимпиадаға жолдама алады.

Қазір Қазақстан құрамасы сапынан Біржан Жақып, Берік Әбдірахманов, Данияр Елеусінов және Василий Левитте олимпиада жолдамасы бар.

Бұған дейін Назым Қызайбайдың өміріндегі, спорттағы  соңғы жаңалықтары туралы жазған болатынбыз.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Бақыт says:

    Әрине Мери Ком бес дүркін әлем чемпионы ғой, ал назым қызымыздың өмірі әлі алда. Талай жеңістер алып келетініне сенімдімін!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар