Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назима танылып кеткеннен кейін бұрынғы күйеуі оны іздей бастаған

Назима Жәнібекова Ресейдегі “Песни” шоуына қатысқаннан кейін өмірінің күрт өзгергенін айтты. Айтуынша, танымал боп кеткеннен елдің бәрі оны керек ете бастаған, тіпті бұрынғы күйеуі де.

Назима танылып кеткеннен кейін бұрынғы күйеуі оны іздей бастаған

Бұл туралы Назима Comode басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Назима жеке өмірін жұрттан жасырған емес. Ол бір кездері отбасын құрып, балалы болуды, үлкен той болғанын қалағанын айтады. Алайда көп ұзамай ол күйеуімен ажырасып кетеді. Содан бері бұрынғы жары өзін де, қызын да іздемеген.

Бір қызығы, бұрынғы күйеуі Назима “Песни” жобасына қатысып, танылғаннан кейін аяқ асты пайда болған.
Назима жоба аяқталған соң демалыс алып, Шымкентке келген кезде қызының әкесі онымен байланысуға тырысқан. Ол үшін түрлі қадамдар жасаған. Назимаға “Вконтакте” желісінде достық ұсынған ол кейіннен Назиманың туған бауырына хат жазыпты. Ондағы мақсаты – Жәнібекованың қазіргі телефон нөмірін анықтау.

“Менің нөмірімді ұмытып қалғандай… Екеуміздің нөміріміз өте ұқсас. Болды, одан бері тыныш. Бәлкім қызымен көріскісі келген шығар”, – дейді Назима.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау