Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назерке Әріпті өлтірді деген күдікті бұрын үш рет сотталған болып шықты

Алматылық 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірді деп ұсталған күдікті бұрын бұзақылық жасап, адам зорлап, адам өлтіргені үшін үш рет сотталған.

Бұл туралы tengrinews.kz жазады.

14 жыл бұрын ол бұзақылық пен жыныстық зорлық жасағаны үшін шартты жазаға кесілген. Бес жылдан соң ол ұрлығы үшін тағы сотталады. 2009 жылы оны адам өліміне кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырған. Бірақ тиісті мерзімнің жартысын өтеген соң бостандыққа шығады.

Қазіргі таңда Алматы прокуратурасы Назеркенің өліміне қатысты істі бақылауға алды.Еске салсақ, 18 жастағы Назерке Әріп 10 шілде күні жоғалып кеткен болатын. Ол Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы үйінен шығып кеткен соң қайта оралмаған. Оның өлі денесінің табылғаны туралы тек 6 қыркүйекте ғана белгілі болды.

Тағы да оқыңыз:

Блогер Алматы облысында адамдардың басы биттеп жатқанын айтып дабыл қақты

Құтқарушылар Миннесота өзенінен “балық адам” алып шықты (видео)

Пластикалық ота жасатқан қытайлық қыздар елдеріне қайта алмай отыр

Талқылау