Назарбаев: Төрт көлігі барлар біреуінің құнын берсін
Еліміздің бас қаржыгері бюджетті қалай толтырғанын айтып берді. Бүгін президент Қаржы министрін кабинетіне шақырып тапсырған ауқымды істерінің қалай орындалып жатқанын сұрастырды, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Фото: uralskweek.kz
Есепке жүйрік Бақыт Сұлтанов саннан шатысқан жоқ. Тапшылықты айтпағанда, республикалық бюджеттің түсімі 7,4 пайызға өсіпті. Бұл әсіресе, салықтан түскен пайда. Қаржы министрлігіне Елбасы екі ауқымды шаруаны сеніп тапсырған. Біріншісі – мүлікті заңдастыру, екіншісі – мемлекеттік мекемелерді жаппай сатып жекенің қолына беру. Жекешелендіруді президент әділ әрі ашық өткізуді жүктеді.
“Төрт көлігі барлар біреуінің құнын берсін. Бұған мемлекетімізде рұқсат бар. Қаржы министрлігі 5 миллионға сатып алған үйін жүз мың деп көрсеткендерді жіті бақыласын. Яғни, біз осыншама ақшаға үй сатып алуға рұқсат береміз. Ал рұқсат бар жерде, салық та бар”, – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Жіберіп алмаңыз:
Допинг дауына іліккен спортшыларға қатысты министрлік мәлімдеме жасады
Мемлекеттік қызметте «13-жалақы» мен мерекелік сыйақыларды алып тастайды
170 мың доллар тауып алған алматылық жалғызбасты әкенің әңгімесі
Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасары енді күзетші болып жұмыс істеуде

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
