Назарбаев Түркия мен Ресейдің арасындағы алауыздықты қалай жойды?

Сейсенбі, 4 Шілде , 2017 9:19

Елбасының көмекшісі Нұрлан Онжанов Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей-Түркия арасындағы дағдарысты қалай қалыпқа келтіргенін айтып берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

3709465ced421d23d486075cfd7ae068-big

Ресей-Түркия қатынасын реттеудегі Назарбаевтың рөлі жайында «Хабар» телеарнасынан көрсетілген «Бітімгер миссиясы» деректі фильмінде айтылды.

«Ресей ұшағы құлағаннан кейін төрт күннен соң Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған біздің президентпен байланысқа шықты. Бірден айтайын, бұл әңгіме оңайға түскен жоқ, себебі Нұрсұлтан Назарбаев Түркия қарулы күштерінің ісін құптаған жоқ», – дейді Нұрлан Онжанов.

Ол Қазақстан президентінің кез-келген араздықты бейбіт жолмен шешуді құптайтынын атап өтті.

«Әңгіме барысында мемлекет басшысы Ресей мен Түркия арасында ұзақ жылдар бойы қалыптасқан достық қарым-қатынас туралы еске салып, жанжалды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігі туралы айтты. Сөз соңында Ердоған Ресей президентімен келіссөз жүргізуге келісімін берді», –  деп түсіндірді Онжанов.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев Ресей мен Украина басшыларын ымыраға келуге шақырды

Елбасы билікті қайта бөлу туралы заңға қол қойды

Ақтөбелік келіншек «құлағыңызда құмырсқа жүр» деп әжейдің алтын сырғасын шешіп алған

7 тіл меңгерген қазақ қызы Италиядағы әйгілі университетте сабақ беріп жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар