Назарбаев: Шет елдерге жасайтын іссапар кезінде күніне әрі кетсе 3-4 сағат ұйықтаймын

Жұма, 11 Қараша , 2016 11:15

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шет мемлекеттерге жасайтын іссапар кезінде күрделі әрі аса тығыз жұмыс кестесіне қалай төтеп беретіні туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161111105110

“Бұл менің жұмысым. Сол себепті мен одан шаршамаймын. Ел алдында, халық алдында үлкен жауапкершілік бар. Әрине, сағат белдеулерінің айырмашылығы сезіледі. Менің байқауымша, бізге батысқа барып Қазақстанға оралғанға қарағанда, шығысқа барып-қайту әлдеқайда жеңіл тиеді. Мен осы күндері әрі кетсе 3-4 сағат ғана ұйықтап жүрмін, бірақ оның өзінде жатасың, бәрібір ұйқы келмейді”, – дейді Назарбаев Сеулге жасаған сапары кезінде журналистерге сұхбат беріп.

“Ал мүмкін бұл жақсы – бейімделіп әуре болмаймыз, келеміз, тоқтаймыз өз уақытымызбен. Сол себепті ми үнемі жұмыс істеп тұрған кезде салмақты келіссөздер жасау керек. Әрі келіссөздер әлемдік мәселелер мен ядролық қару туралы болып жатыр. Бізге деген әлем елдерінің құрметі орасан. Сол себепті мен еш шаршамаймын”, – деп атап өтті президент.

Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттеріне ресми сапармен барды.

Оқи отырыңыз:

АҚШ президентінің ауысуы Қазақстанға қандай әсер етеді?

Ақтөбе әкімі жиналыста көзіне тығылған ұйқымен алысты (видео)

Елбасы Токиода сасқалақтап қалған Есімовке ыммен түсіндіріп жөн сілтеді (видео)

Мұхамедиұлы Жаманқұловтың президентке арнаған үндеуіне қатысты жауап берді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев

Пікір қалдыру


Қасым
24 күні 22 сағат кері

Адам жұмыстан ләззат алып жатса, одан асқан не бақыт бар. Әсіресе ол елдің мүддесі үшін болса тіпті де өзіңізді қоғамға керек екеніңді сезінген қандай жақсы әсер еді. Сондықтан Елбасыға қажымас қайрат, зор денсаулық тілейік…

Асхат
26 күні 20 сағат кері

Ең бастысы, елдің, халықтың амандығы болсын. Қалғаны бола береді

Меруерт
26 күні 20 сағат кері

Шетелердермен сағат айырмашылықтары болған соң шығар… Соңғы уақыттағы тынымсыз іс-сапарларды оқып жүрміз. Алдағы маңызды шараларды ел болып өткізіп алсақ, жақсылап бірнеше күн демаларсыз. Біз сізбен біргеміз!

Мөлдір
26 күні 20 сағат кері

Елбасына амандық тілейміз. Шаршамаңыз. Талмаңыз. Халқыңыз өзіңізбен бірге!

Сандағаш
26 күні 20 сағат кері

Әрине, шетелдерге сапарлардың барлығын оқып, көріп, біліп жүрміз. Ел игілігіне жұмсалып жатқан күшіңіз бен еңбегіңіз әлі-ақ ақталады деп ойлаймын. Тек, қажырлы қайрат тілеймін. Ауырмаңыз

Жанат
26 күні 20 сағат кері

Ел басқару оңай шаруа емес. Қаншама жауапкершілік жатыр. Бүтіндей бір халықтың тағдыры мойнында. Сонлдықтан, Елбасымызға тек мықты денсаулық тілейміз. Тек ауырмаңыз, қалғанының барлығы өз орнымен бола береді

Асель
26 күні 20 сағат кері

Елбасына ұзақ ғұмыр тілейміз. Қазақстанның жеткен жетістіктері осы кісінің арқасы. Жаман емеспіз. Жаман болмаймыз да…

Абай
27 күні 15 сағат кері

Ұзақ ғұмыр тілейміз сізге Нұраға! Алда әлі талай іс күтіп тұр, Универсиада мен Экспоны абрыроймен атқаруымыз керек!

Томирис
27 күні 15 сағат кері

Бір іссапардан екінші іссапарға ұшып, жанталасқан өмір Президенттікі. ал халыққа айтуға оңай, шындығында оның бәрі маңдай тер

Сенім
27 күні 18 сағат кері

Егер әр адам өз жұмысын осылай жасаса онда біздің еліміздің дамуы одан әрі жедедей түсері анық. Елбасымыздың ісіне Алла береке берсін!

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар