АҚШ президентінің ауысуы Қазақстанға қандай әсер етеді?

Сәрсенбі, 9 Қараша , 2016 23:42

Дональд Трамп – АҚШ-тың 45-ші президенті. Бүгіннен бастап Америка құрама штаттарын саяси қайраткерліктен гөрі, кәсіпкерлігімен танылған азамат басқармақ.

xw_1329793

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ақ үй басшысының ауысуы Қазақстан экономикасына қандай әсер береді? Еліміз үшін Трамптың кандидатурасы қолайлы болатынын айтқан депутат кім?

АҚШ-тың Мексикамен шекарасына Ұлы Қытай қорғанының көшірмесін салуға уәде берген Дональд Трамп сайлау қорытындысы бойынша айқын жеңіске жетті. Америкада жүрген заңсыз мигранттардың бірін қалдырмай қуып шығамыз деп басы қанша дауға қалса да, оны қолдайтындар жеткілікті болып шықты. Тіпті Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова да Трамптың жеңіске жетуін қалапты.

“Менің ойымша, бізге Трамп жақсырақ болады. Неге десеңіз, анау Клинтон болғанда қанша соғыстар басталды. Ол даже әйелдікі емес қой. Ол госсекретарь болған да”, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова.

Себебі Трампты қолдаушылардың бір тобы Клинтон мемлекеттік хатшы болғанда Азия елдеріндегі діни тұрақсыздықтардың етек жаюын алға тартады. Ал Дональд Трамп болса, АҚШ-тың сыртқы жанжалдарға қол сұқпауын ұсынып, Сириядағы соғыстарға араласуын сынға алған болатын. Сондықтан АҚШ-Ресей қатынасы түзеледі деген болжам бар. Ал Азат Перуашев Клинтонның жеңілісіне ерекше қуанған.

“АҚШ экономикасына көбірек назар аударуда. Сол себептен менімше, біріншіден ядролық қауіп-қатерден құтқарып отырмыз”, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.

Ал Ұлттық банк төрағасы Ақышев мырза бұл сайлау теңгенің жағдайына анау айтқандай әсер етпейді деп ойлайды.

“АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысы біздің теңгеге айтарлықтай әсер етеді деп ойламаймын. Бұл жерде әсер етуші басқа да факторлар бар”, – деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Ал ол факторларды бас банкир әзірге айта алмаймын деді. Бірақ сайлау қарсаңында еліміздің ұлттық валютасы аздап құнсызданып үлгерді. Мәселен, кешегі валюта бағамымен салыстырғанда ақша айырбастау пункттеріндегі 1 АҚШ долларының құны 339-дан 341 теңгеге бір-ақ барған.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда ҰБТ форматы ауыстырылды

Қазақстандық шенеуніктердің татуировка салып жұмыс істеуіне рұқсат берілді

Бекболат Тілеухан ұшақ салондарында қазақ әуенінің ойнап тұруын талап етті

Мейрамбек Беспаев қырыққа толған жігіттердің әнін шырқады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар