Назарбаев: Сағадиев дұрыс жолда келе жатыр

Бүгін Елбасы Ақордаға Білім министрін шақыртты. Еліміздің бас мұғалімін мақтаған президент оған ерекше үміт артып отырғанын да жасырған жоқ, деп хабарлайды КТК арнасы.

Нұрсұлтан Назарбаев

«Білім беру жүйесінде жаңғыру жүріп жатыр. Жалақысын көбейтіп жатырмыз мұғалімдердің. Жоғарғы білім беру саласында қанша мәселелер бар. Оңай емес барлығы. Сенің мойныңда үлкен жүк бар. Өте көп міндет бар, өте көп үміт бар. Мен білем жұмысты істеп жатқаныңды барлық жағынан. Көп нәрсені өзгертіп жатырсың, дұрыс жолда келе жатырсың», – дейді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Жылы сөзге жаны семірген Сағадиев та қарап қалмады. Елбасының жұмыс үстеліне қағазға басылған жоспарларын жайып жіберіп, біраз көсілді. Сөзіне сенсек, биыл балаларды бақшаға орналастыру қиындығы толық шешіледі. Үш ауысымды жою мен тоз-тозы шыққан мектептерді жөндеу де біртіндеп азайып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ Ерлан Сағадиев 2019 жылдан бастап 10,11,12-ші сыныптарда химия, физика,информатика,биология пәндерінің ағылшын тілінде оқытылатынын еске салды. Бұл үшін мұғалімдер қазіргі таңда жаппай курстарға жазылып тіл үйреніп жатыр. Осы жерде Білім министрі ағылшын тілінде бала оқытатын ұстаздардың жалақысына 35 мың теңге қосымша ақша төленетінін айтуды ұмытқан жоқ.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев: Балаларға қазірден ағылшын тілін үйретпесек, болашақта толыққанды кадр даярлай алмаймыз

ОҚО-да биылдыққа төртінші үшем дүниеге келді

Астана аялдамасында қарт кісіні соққыға жыққан бұзақы ұсталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар