Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев полиция жұмысына қатысты: Адамдар өзін қауіпсіз сезінбейді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада ішкі істер органдарының жұмысын жаңғырту мәселелері бойынша отырыс өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Назарбаев полиция жұмысы туралы: Адамдар өзін қауіпсіз сезінбейді

Елбасы отырыс басында құқық сақтау және қылмыспен күрес жөніндегі мәселелер өзінің айрықша бақылауында екенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер органдарының жұмысының нәтижесінде соңғы үш жыл ішінде елімізде қылмыс деңгейі 17,5%-ға қысқарғанын атап өтті.

«Адамдар қылмыстан қорғану үшін бірінші кезекті полицияға жүгінеді. Тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт ішінде 779 полиция қызметкері қайтыс болып, 2 500 мыңға жуығы жарақаттанды. Мұны есте сақтау қажет. Сонымен қатар ішкі істер органдарының бүгінгі ахуалы қоғамның сұранысына толықтай жауап бермейді», – дейді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, президент полицейлер мен азаматтар арасындағы қарым-қатынастың бүгінгі стандарттары ескіргенін және заманауи жағдайларды қамтымайтынын айтты.

«Ішкі істер органдарының қызметі қоғам күткендей болмай отыр. Азаматтар тарапынан сын айтылуда. Адамдар өзін қауіпсіз сезінбейді. Мұнсыз қазақстандықтардың өмірінің жоғары сапасын қамтамасыз ете алмаймыз. Ал бұл біздің басты нысанымыз болып табылады. Сондықтан полицияны реформалауға бірден кірісу керек», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Отырыс барысында мемлекет басшысы ішкі істер саласында маңызды әрі сапалы өзгертулерді биылғы Қазақстан халқына Жолдаудағы бағыттарға сәйкес жүзеге асыру керектігін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау