Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев плагиатпен айналысатындарды сынға алды

Ғылымда плагиат көп, әрі отандық ғалымдардың патенттері де сұранысқа ие емес. Бүгін Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдық мерейтойына қатысқан Елбасы ғылымның дамуына тұсау болып отырған осындай бірнеше мәселені ашық айтты, – дейді КТК арнасы.

1485833149_138124

Қазір елімізде ғылым сала бойынша бөлініп, оның басым бөлігімен жоғарғы оқу орындары айналысуда. Бірақ, олардың инновациялық орталыққа әзір айналатын түрі жоқ. Ал, отандық ғалымдар жетістіктерін патенттеу жағынан алдына жан салмаса да, сол ғылыми жаңалықтарына сұраныс аз. Сондықтан президент, жыл сайын бюджеттің миллиардтары жұмсалып жатқан ғылымға деген көзқарасты дұрыстау керектігін айтып, жұмыс тәртібін түбегейлі өзгертуді тапсырды. Ол үшін шетелдік тәжірибені енгізіп, жобаларды жеке инвесторлар қаржыландыруы тиіс. Солай болғанда ғана ғылымға салынған ақшаны кері қайтаруға болады дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

“Экономика мен инновацияның заманы келіп отыр. Қолдан келгенше мемлекет ғылымды қолдап, ғылымға шығаратын ақшасын жылдан-жылға көбейтіп, ғылыми зерттеу институттарының жағадайын қарап жатыр”, – дейді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.


Оқи отырыңыз:

Жамбыл облысында қар көшкінінен тірі қалған сарбаз оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Жарақат алған полицейдің әйелі: “КамАЗ” жүргізушісі ауруханаға кешірім сұрап келді

Балаларды ірі жол апатынан құтқарып қалған павлодарлық полицей есін жиды

Алматыда жас жігіт сүйіктісін пәтерге шақырып досына зорлатқан (фото, видео)

Талқылау